Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда нан қымбаттай ма?

Қазақстанда нан қымбаттай ма?

Kyzylorda-news.kz. Астық түсімінің төмендігі нан бағасына болар-болмас әсер етуі мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
"Нан бағасына тоқталсақ, әзірге ол тұрақты. Әлеуметтік нанның бір бөлкесі – 78 теңгеден 85 теңгеге дейін. Бидай бағасы өскен жағдайда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, әкімдіктердің тұрақтандыру қорлары, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" іске қосылады", - деді Сапаров брифингте.
Вице-министрдің пікірінше, нанның қымбаттауы жайлы айту әлі ерте.
"Егін ору науқаны әлі жүріп жатыр, астық алқабының шамамен 20 проценті орылған жоқ. Баға өскен күннің өзінде, болар-болмас қана көтеріледі. Бірақ әлеуметтік нанның бағасы сол күйінде қалады, өйткені қазір әкімдіктер тұрақтандыру қорларына ұн сатып алып, қамданып жатыр. Әлеуметтік нанға қатысты проблема көріп тұрған жоқпыз", - деді ол.
Министрліктің мәліметінше, қазір 2,5 миллион тоннадан астам астық элеваторларға жеткізілген.
"Бидай ылғалды күйінде түсті. Алайда облыстардың өтінішімен үкімет астықты кептіру үшін қырмандарға тағы 50 мың тонна жанар-жағармай бөліп жатыр", - деді Сапаров.
01 қазан 2019 ж. 188 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области