Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аймақ басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Аймақ басшысы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов партияның облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға қала әкімі мен басқарма басшылары қатысты.

Алдын ала өтініш беріп, қабылдауға жазылған азаматтың бірі - Дінахмет Аман. Теміржол саласының ардагері Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінің тұрғыны. Аймақ басшысынан «Skype» жүйесі арқылы жаңадан салынып жатқан тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымдарын жеткізуге қаржы бөлуді сұрады.
Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов аталған мәселе бойынша республикадан қаржы қаралғандығын айтып: «Алдағы уақытта облыстық сессияда бұл мәселені халық қалаулыларымен талқылап, 90 пайызға құрылысы бітіп тұрған тұрғын үйдің инфрақұрылымын да 100 пайызға жеткізіп береміз»,- деді.
Айта кетейік, өткен жылы облыста жаңадан бой көтерген «Бәйтерек» ықшам ауданында тұрғын үйлер халық игілігіне берілген болатын. Мұнда халыққа қызмет көрсету орталықтары да ашылып, жұмысын бастады. Аталмыш ықшам аудан тұрғындарының тағы бір өтініші әлеуметтік дүкен болса деген тілегін жеткізді.
Облыс әкімі аталған мәселелер – әлеуметтік дүкен, балалар ойын алаңдарын салу сияқты жұмыстар алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Мұнан кейін Н.Бекежанов атындағы драма театрының әртісі Залипа Төлепова Қазақстан Республикасының халық әртісі Серік Шотықовтың атына көше беруді ұсынды. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қызылорда облыстық Татарлар мәдени орталығының төрайымы Галия Гизатуллина Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы», «Құрмет белгісі», «Еңбек қызыл ту» ордендерінің иегері, құрылыс саласының майталманы Ф.Х.Фаткульдиновке қаладағы бір көшенің атын беру жөнінде ұсыныс айтты.
Аймақ басшысы бүгінгі қабылдауда болған барлық азаматтардың мәселелерін қарап, заңға сәйкес шешу жолдарын тиісті сала басшыларына тапсырды.
01 қазан 2019 ж. 225 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области