Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Kyzylorda-news.kz. Республикалық «Ойын тоқта» жедел-сауықтыру шаралары аясында еліміздің Қызылорда, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті хабарлады.

Департаменттің дерегінше қылмыстық топтың жетекшілері Қазақстан Республикасының азаматтары мен Германия Федеративті Республикасының азаматы екені анықталды. Аталған топ тотализатор қызметін жамылып еліміздің бірнеше қалаларында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып жүргізген.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бірнеше қалаларда тінтулер жүргізіліп, нәтижесімен 5 покер столы, 11 ойын автоматы және 7 млн.теңге, 60 мың АҚШ доллары ақша қаражаты айналымнан алынды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік атын жамылып заңсыз ойын бизнесін жүргізген қылмыстық топ жетекшілері мен оның қатысушылары ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 262 бабының 1,2 бөлігімен, 307 бабының 3 бөлігінің 1,2 тармағымен қылмыстық іс Сотқа дейінгі бірыңғай тізілімде тіркеліп, тергеу-тексеру шаралары жүрігізілуде», - делінген хабарламада.
30 қыркүйек 2019 ж. 48 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области