Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыдағы сүт өңдеу цехы бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр

Қармақшыдағы сүт өңдеу цехы бірнеше адамды жұмыспен қамтып отыр

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қамбарбек Мүбараков Қармақшы ауданында жұмыс сапарымен болып, Дауылкөл ауылдық округіндегі сүт өңдеу цехының жұмысымен танысты.
Үстіміздегі жылы «Тұрмағамбет» ЖШС қолдауымен ашылған сүт өнімдерін шығарумен айналысатын цех жергілікті шаруалардан сүт алып оны қайта өңдеп, айраннан бастап қаймақ, сүзбе мен өзге де сүт өнімдерін шығарумен айналысады.
Жаңа өндіріспен шұғылдануды ниет еткен шаруа қожалық жетекшісі ауданды ғана емес, өңірімізді сапалы сүт өнімдерімен қамтуды көздеп отыр.
«Сүт өңдеу цехының ашылуынан ауданымыз үшін тек игілік күтеміз. Себебі, сүттің өзін ғана сатқаннан, оны өңдеп сату тиімді болып отыр. Өнім түрі молаяды, ең бастысы, жаңа жұмыс орындары ашылады, аудан бюджетіне салық түседі», – дейді шарушылық басшысы Н.Пірмантаев.
Ауылдық округтің қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық дамуында игі дәстүрлер жалғасын тауып келеді. Шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салаларында тұрақты даму бар. Мемлекеттік бағдарламаларды ұтымды пайдаланудың нәтижесінде елді мекенде жеке кәсібін ашқан азаматтардың қатары артып, жұмыссыздық деңгейі төмендеген.
30 қыркүйек 2019 ж. 169 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области