Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық егіз механик туған жердің түлеуіне үлес қосуда

Қызылордалық егіз механик туған жердің түлеуіне үлес қосуда

Kyzylorda-news.kz. Сырбойылық егіз бауырлар Азат пен Асхаттың асқақ арманы – туған жерді өркендету. Олар ауыл шаруашылығы мамандығын меңгеріп, әскери борышын өтегеннен кейін кіндік қандары тамған Бұқарбай батыр ауылына оралған, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Еңбекқор жастар» ақпараттық кампаниясы аясында жас механиктердің берекелі тірлік атқарды.
Әке көрген оқ жонар. Азат пен Асхат үшін техника тілін меңгеру қиынға соққан жоқ. Өйткені олардың әкесі де осы шаруашылықта механик. Болат Сейтжанов егіз ұлын жанына ертіп жүріп, еңбекпен шыңдауды дұрыс деп шешіпті.
«Осы жерде комбайнның жан-жағын көріп, бұзылған жері болса әкеме айтып, оны істетіп, комбайнның іші-сыртына қарап, суын-майын тексеріп, күрішке түсіруге дайындауым керекпін», - дейді Бұқарбай батыр ауылының тұрғыны Азат Қожамұратов.
Азат пен Асхат индустриалды-аграрлық колледж түлектері. Олар дипломдарын қолға алған бойда әскер қатарына алынады. Тепсе темір үзер жігіттерге әскери қызмет те ұсынылған екен. Бірақ егіз бауыр өмірлік ұстанымдарынан айныған жоқ.
«Келесі жылдары маман тапшы болып қалады енді. Мамандар көп кездесе бермейді. Соған байланысты осы кезде ауылда шамалы үйреніп алайын деп жатырмын. Ауыл шаруашылығы мамандықтарын үйреніп жатқан жоқ ешқайсысы. Мысалы менің мамандығым тракторист-машинист мамандығы», - дейді Бұқарбай батыр ауылының тұрғыны Азат Қожамұратов.
«Мысалы мына Сейтжанов Болаттың өзінде бір басында 2 техника бар. Біреуі ХТЗ, көктемде сонымен жер айдайды, күзде комбайн айдайды. Сондай механизатор керек ауылға. Механизатор болмаса техниканың бәрі жүрмейді ғой қазір», - дейді шаруа қожалық төрағасы Туатай Әлиев.
Мақсаты айқын жастар жақсы өмірді ауылда да сүруге болатынын айтады. Ол үшін еңбекті сүю керек.

27 қыркүйек 2019 ж. 183 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области