Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлт ретінде ар-намысымызға да үлкен сын – Мұрат Бақтиярұлы

Ұлт ретінде ар-намысымызға да үлкен сын – Мұрат Бақтиярұлы

Kyzylorda-news.kz. Сенатор КСРО құрамында болған Қазақстан мен Беларусьтен басқа елдер заңды мемлекеттік тілде жазып, қажет болса аударатынын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы заңдар мен нормавтивтік құжаттарды орыс тілінде емес, алдымен, мемлекеттік тілде жазуды ұсынды.
«Шындап келсек, мемлекеттік заңдар, алдымен, сол мемлекеттің өз тілінде дайындалып, содан кейін ғана, қажет болса, орыс тіліне аударылуы тиіс. Бұрынғы Кеңес республикаларының ішінде Қазақстан мен Беларусьтен басқа елдердің барлығы да әлдеқашан осылай істейді», - дейді депутат сенатта заң шығару жұмысын одан әрі жетілдіруге арналған парламенттік тыңдауда.
Айтуынша, өткен сессияда бір топ сенат депутаты заң жобаларын мемлекеттік тілде дайындау сапасына қатысты Қазақстан үкіметіне сауал жолдаған. Оған парламентке түсетін заң жобалары мен халықаралық құжаттардың қазақ тілдегі нұсқаларының сапасыздығы мәселесі негіз болған. Алайда үкіметтің жауабы сенаторларды қанағаттандырмаған.
«Осы уақыт ішінде мемлекеттік органдар мамандарының терминдік қолданыстар мен стильді меңгеретін уақыты болды. Бірақ мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қазақ тіліндегі халықаралық құжаттарды парламентке қатесіз жіберуге шамасы да, ынтасы да жоқ сияқты. Өйткені уақытша лингвистикалық топтың қарауына, алдын ала лингвистикалық сараптамаға келіп түсетін халықаралық құжаттардың сапасы ешқандай сын көтермейді», - деп ашуланды Бақтиярұлы.
Оның айтуынша, министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлері топтың жұмысына әбден сеніп алғаны соншалық, пысықталмаған, тексерілмеген материалдарды жібереді.
«Олар өз жұмысына немқұрайлы қарап, лауазымдық міндеттерін тиісінше сапалы атқармайды», - деп атап өтті Бақтиярұлы.
Тіпті, оның сөзінше, кейбір жағдайларда құжат жобаларының қазақ тіліндегі мәтіні мен орыс тіліндегі мәтіні мазмұны жағынан бір-біріне сәйкес келмейді. Қазақ тілінің грамматикалық және стилистикалық нормалары сақталмайды. Сол себептен бір құжатты бірнеше рет қарауға тура келеді.
«Біздіңше, бұл халықаралық құжаттар мен заң жобаларын мемлекетік тілде дайындауға деген атқарушы органның құлықсыздығын, ниетінің жоқтығын байқатып отыр», - деді ол.
Бақтиярұлы бай да көркем қазақ тілі нағыз заң тілін қалыптастырып, норма жасауға және жазуға өте қолайлы тіл екенін атап өтті.
«Мемлекеттің басты нышаны тіл десек, заңдардың мемлекеттік тілде жазылмауы біздің мемлекеттігімізге де, ұлт ретінде ар-намысымызға да үлкен сын деп білемін», - деді сенатор.
Халық қалаулысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілін халықаралық қатынас тілі ретінде қалыптастыруды қолға алғанын еске салды.
«Осы мәселені түпкілікті қолға алып, заңдар мен нормативтік құжаттарды, алдымен, мемлекетік тілде әзірлеуге көшетін уақыт жетті. Мемлекеттік деңгейде маңызды және нақты шараларды қабылдай отырып, орталық атқарушы органдар халықаралық құжаттарды мемлекеттік тілде сапалы дайындаудың жауапкершілігін мойнына алып, заң жобаларын, алдымен, мемлекеттік тілде дайындауды қолға алуы керек», - деді депутат.
Бұл үшін ол сенат қабырғасында заңдарды мемлекетттік тілде дайындауға байланысты мүдделі ұйымдар, заңгерлер, ғалымдар және тіл мамандарымен бірлесіп, дөңгелек үстел ұйымдастыруды ұсынды.

27 қыркүйек 2019 ж. 146 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области