Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Басты мақсат – аурушаңдық деңгейін азайту

Басты мақсат – аурушаңдық деңгейін азайту

Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттің басты құндылығы адам өмірі десек, адамға ең бастысы оның денсаулығының мықты болғандығы қажет. Осы орайда халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында мемлекет тарапынан атқарылып келетін жұмыстар аз емес.

Атап айтар болсақ, соңғы жылдары Қызылорда облысының орталығы мен елді мекендерінде дәрігерлік амбулатория, медициналық бекеттер мен аудан орталықтарында жаңа емханалар бой көтеруде. Бұл жаңа ғимараттар мен заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар алдағы уақытта адам денсаулығын жақсартуға зор үлес қосары анық. Бұл бағыттағы жұмыстар бұдан әрі де өз жалғасын таппақ. Мәселен, облыс әкімінің 2019 жылға арналған іс-қимыл жоспарында аймақтың денсаулық сақтау саласы бойынша атқарылатын жұмыстар тізбесінде Жаңақорған ауданының Нәлібаев елді мекенінде 1 фельдшерлік акушерлік бекеті ғимаратын сатып алу, сондай-ақ Арал ауданының Сазды, Ақбай, Тастақ елді мекендерінде – 3, Жаңақорған ауданының Талап стансасында және Қандықұдық елді мекенінде – 2 медициналық бекет ашу жоспары бар.
Сонымен қатар кем дегенде 600 дәрігерді, 1877 орта буын медицина қызметкерлерін біліктілігін арттыруға жіберу көзделген.
Ана өлім-жітімі нысаналы индикаторын 2 пайызға, сәби өлім-жітімі көрсеткішін 2 пайызға, қан айналым жүйесі аурушаңдығы көрсеткішін 117,87-ге дейін, туберкулезбен аурушаңдық көрсеткішін 52,3-ке дейін, жалпы өлім-жітім көрсеткішін 5,61-ге дейін және қатерлі ісік аурушаңдығы көрсеткішін 0,1 пайызға дейін төмендетуді қамтамасыз ету жоспары да бар.
Барлық факторлар бойынша өлім-жітімнің төмендеуі арқылы өмір сүру ұзақтығын 72,8 жасқа дейін арттыру қамтамасыз етілмек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Үкімет әр өңір бойынша медицинадағы нақты дерттер топтамасы жөнінде басымдықтар тізімін жасап, соның негізінде бюджеттен қаржы бөлуі қажет» деген болатын. Айта кету керек, Сыр өңірінде қан айналым жүйесі аурушаңдығы өзекті болып табылтындығы белгілі. Осыған орай қан айналым жүйесі аурушаңдығы профилактикасы жөніндегі облыстық бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету жоспары бар.
Аурушаңдықты басқару бағдарламасына қатысатын диспансерлік есептегі пациенттерді 20 пайызға жеткізуді ұйымдастыру көзделген.
Шиелі ауданының Шиелі қыстағында 150 орынға арналған аудандық аурухана құрылысын аяқтау.
Жалағаш ауданында 100 төсекке арналған орталық аудандық аурухана құрылысын бастау.
Қазалы ауданында 250 келушіге арналған емхана құрылысы мәселесін пысықтау.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне медицина қызметкерлерінің жалақысын көбейту, сондай-ақ, олардың еңбек жағдайларын жақсарту мәселелері бойынша ұсыныс енгізу.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімдері бойынша ұсыныс енгізу.
27 қыркүйек 2019 ж. 212 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области