Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткендер ұсталды

Қызылордада мал ұрлығын кәсіп еткендер ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың маусым айында Жалағаш ауданы полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде мал ұрлықтарына күдікті 58 және 33 жастағы екі тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктілер Жалағаш және Сырдария ауданының төңірегінде мал ұрлығын кәсіп еткен. Олар 10 жәбірленушілерге жалпы 3 820 000 (үш миллион сегіз жүз жиырма мың) теңгеге мүліктік шығын келтірген.
Барлық деректер бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілген. Оларға қатысты «қамаққа алу» түріндегі бұлтартпай шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс Жалағаш аудандық сотына жолданды. Күдіктілер келтірілген залалды толығымен өтеп, 7 тамыздағы сот шешімімен тараптардың ымыраласуына байланысты іс қысқартылды.
27 қыркүйек 2019 ж. 187 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области