Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Демалыс күндері ауа райы минус 5 градусқа дейін суытады

Демалыс күндері ауа райы минус 5 градусқа дейін суытады

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан арқылы ақырындап жылжып жатқан суық атмосфералық фронттардың әсерінен еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жауын-шашын болады. Ауа температурасы төмендеп, үсік жүреді.
Ал демалыс күндері сол фронттардың ықпалынан Қазақстанның қалған аумағында кей жерлерде жаңбыр жауып, күн суытады. Орталықта және шығыста түнгі температура минус 1…5°С-қа дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 30 градустық ыстықтан кейін дүйсенбі күні термометрдің сынап бағанасы күндіз тек плюс 12…18°С көрсетеді.
27 қыркүйек 2019 ж. 64 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области