Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада өзбекстандық азамат жол апатына себепкер болды

Қызылордада өзбекстандық азамат жол апатына себепкер болды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Жалағаш ауданы аумағында жол-көлік оқиғасы болды. Жол бойында екі көлік бір-бірімен соқтығысып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік оқиғасы Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылының тұсында орын алған. Өзбекстан азаматы айдап келе жатқан «Hyundai Porter» автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан көлік иесі Қызылорда қаласы тұрғыны мініп келе жатқан «Volkswagen Crafter» автокөлігімен соқтығысып қалған.
«Жол апатынан қайтыс болғандар жоқ. Зардап шеккен бір азамат медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 2-бөлігіменсотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
26 қыркүйек 2019 ж. 234 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области