Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында бейресми жұмыспен қамтылғандар құқығы басты назарда

Қызылорда облысында бейресми жұмыспен қамтылғандар құқығы басты назарда

Kyzylorda-news.kz. Жыл сайын облыста 10 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары ашылады, дегенмен тұрғындардың басым бөлігі жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толық қамтылмаған. Бұл ресми емес еңбек қатынастарының барын тағы бір айғақтайды. Бұл туралы Өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Jas Otan» Жастар қанаты облыстық филиалының басшысы Талғат Тілес баяндады.

Статистикалық ақпараттарға тоқталсақ, өңірде жұмыспен қамтылғандар саны 331,4 мың адам болса, соның ішінде жалдамалы жұмыскерлер саны 217,6 мыңды, ал өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 113,8 мыңды құрайды. Ал, міндетті зейнетақы жарнасы оның 130 мыңына ғана аударылған. Осыған қарап, конвертпен жалақы алатын немесе көлеңкелі кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың келешегіне алаңдамайтынын аңғаруға болады. Қазір зейнетақы жүйесі толықтай еңбек өтіліне байланыстырылған. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде де еңбек өтілі мен өтемақы мөлшері арасындағы байланыс күшейген. Сондықтан әрбір тұрғын, оның ішінде жастар өзінің болашағы үшін атқаратын жұмысын заңдастыруы қажет.
Қызылорда облысының әкімінің өкімімен аймағымызда бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру және сапалы жұмыс орындарын құру бойынша 2019-2021 жылдарға арналған арнайы жол картасы қабылданды. Осыған орай, бейресми жұмыспен қамтылғандарды заңдастыру және сапалы жұмыс орындарын құрылуын мониторингілеу бойынша жұмыс тобы құрылды.
"Бейресми, келісім-шартсыз құрылыс жұмыстарын да жұмыс жасап жатқан қаншама жастарымыз бар. Қарапайым мысал: құрылыс болғаннан кейін кез-келген сәтте әр түрлі жағдай болуы мүмкін: тоқ, кірпіш, құлап кету, тағы да басқа адам өмірі мен денсаулығына қауіпті сәттер. Егер сондай жағдайлар орын алса, жұмыс беруші жауапкершіліктен жалтаратыны сөзсіз. Ал оны дәрелдейтін айғақта болмайды. Екіншіден жалақы төлеу мәселесі, жұмысын аяқтатып алғаннан кейін жұмыс беруші еңбекақыны бермеуіиде мүмкін",- деді Талғат Тілес.
Сонымен қатар, жалақы конвертпен төленгеннен кейін, ол жасқа медициналық сақтандыруда, зейнетақысына ақша да аударылмайды. Ал бұл мәселе жастардың болашағына зиянын тигізері сөзсіз. Осы орайда «Jas Otan» Жастар қанаты Жастардың болашағын ойлауға шақырды. Сондай-ақ, жұмыс берушілерден бейресми жұмыспен қамтылған жастарды заңдастыру қажет екенін ескертті.
24 қыркүйек 2019 ж. 171 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области