Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында найзағай ойнап, дауыл тұрады

Қызылорда облысында найзағай ойнап, дауыл тұрады

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның басым бөлігінде фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл күтіледі. Түнде солтүстік-батыста тұман болады. Республиканың жекелеген өңірлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғарыға жетуі мүмкін. Жекелеген аумақтарда найзағай күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай, Ақмола облыстарында, сондай-ақ желдің күші 30 м/с және одан көп болуы ықтимал. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Қостанай облысының жекелеген аумақтарында тұман, бұршақ болжанады.
Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде жел 17-22 м/с, күндіз 15-20 м/с болады. Кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-23 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с күшеюі мүмкін. Шығыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі. Күндіз Ақтөбе облысында шаңды дауыл тұрады.
Қарағанды облысында жел 23-28 м/с артады, түнде кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Жамбыл, түнде Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Жамбыл облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады.
Алматы облысының таңертең және күндіз кей жерлерінде найзағай, 15-20 м/с екпіндегі жел күтіледі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Сондай-ақ Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстанның жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
23 қыркүйек 2019 ж. 249 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области