Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 600-ге жуық заңсыз жүрген шетелдік анықталды

Қызылордада 600-ге жуық заңсыз жүрген шетелдік анықталды

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың қыркүйек айының 09-12 аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-Арна-Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Нәтижесінде, көші-қон заңнамаларын бұзған 592 шетелдікке ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылды. Оның 35-і сот шешімімен ел аумағынан шығарылды.
Ал, республика аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан Республикасының 5 азаматына қатысты ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, сот құзырымен әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Іс-шара барысында, қала орталығында қайыршылықпен айналысып жүрген 9 шетелдік анықталып, ӘҚБтК-нің 449-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабымен (Шетелдіктерді қабылдаушы тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) Қазақстан Республикасының 67 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК-нің 519 бабымен (Шетелдік жұмыс күшін заңсыз жұмысқа тарту) бойынша 31 тұлғаға әкімшілік шаралар көрілді.
Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған 128 шетелдіктің республика аумағында уақытша болу мерзімі қысқартылды.
Рейд барысында жеке басын анықтайтын құжаттарынсыз жүрген 12 тұлға анықталып, қабылдау-тарату орнына жеткізілді.
13 қыркүйек 2019 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области