Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада бастауыш ұйым төрағалары басқосты

Қызылордада бастауыш ұйым төрағалары басқосты

Kyzylorda-news.kz. Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия жұмысын жандандыруға арналған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты бағдарламасында қоғамның партияға деген сенімін арттыру мақсатында ақпараттық-идеологиялық жұмыстарды күшейтіп, барлық қоғам мүшелерін партия жанына топтастыру міндетін ерекше атап өткен болатын.

Бұл орайда партияның негізі болып табылатын бастауыш ұйымдардың рөлі ерекше.
Облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова бірқатар бастауыш ұйым төрағаларымен кездесіп, алдағы жұмыстарды пысықтады. Онда бастауыш ұйымдардың ашық форматқа көшуі және тұрғындармен «кері байланыс» жұмысын нығайта отырып, партияның ядролық электоратын қалыптастыруға күш салуы, әлеуметтік желілердің ықпалын партия жұмысына пайдалану секілді мәселелер айтылды.
Бүгінгі күні облыстық партия филиалы мен бастауыш ұйымдардың жұмысын жетілдіру, оңтайландыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілген. Мәселен, оларды басқаруға белсенді партия мүшелері қайта сайланды. Қазір аумақтық филиалдардың Саяси Кеңес мүшелігіне - 116, Саяси кеңес Бюросы құрамына – 44, бастауыш ұйымы жетекшілері енгізілсе, депуттардың 25-і бастауыш ұйым төрағалары. Енді оларды партиялық кадр резерві мен жергілікті қоғамдық кеңестер құрамына кіргізу жоспарлануда.
Сонымен бірге партия мүшелерінің құрамын жақсарту жұмыстары да атап өтерліктей. Елбасы тапсырғандай, қазір партия мүшелерінің санына емес, сапасына мән беріліп отыр. Бұл орайда шағын ұйымдар ірі бастауыш ұйымдарға біріктірілді. Нәтижесінде өңірдегі 272 бастауыш ұйымдардың 20-ы қысқартылып, 252 бастауыш ұйымдар қалды. Оның ішінде 65 бастауыш партия ұйымының жетекшілері қайта сайланды. Сонымен қатар қала және аудан көлемінде жастардың басын біріктіретін және олармен жұмысты жүргізетін «Жастар» БПҰ ашылды.
Облыстағы 51 350 партия мүшелерінің сапалық құрамына да талдау жасалынып, жыл басынан бері партиялық жарнапұл төлемегендер мен партиямен байланысы үзілген 4 083 адам партия құрамынан шығарылды.
Жиын барысында бастауыш ұйым төрағаларының ұсыныс пікірлері назарға алынып, бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
13 қыркүйек 2019 ж. 25 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области