Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Нығматулин Нұрлан Әлімжановқа депутаттардың көзінше ескерту жасады

Нығматулин Нұрлан Әлімжановқа депутаттардың көзінше ескерту жасады

Kyzylorda-news.kz. Парламент мәжілісінің жаңадан тағайындалған депутаты Нұрлан Әлімжанов ант берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Пленарлық отырыстың басында спикер Нұрлан Нығматулин әртісті депутаттардың қатарына қосылуымен құттықтады. Бірақ Әлімжанов орнынан тұрған жоқ. Мәжіліс төрағасы әртіске ескерту жасады.
"Қайда Нұрлан? Тұру керек. Ал біз саған қол шапалақтаймыз. Отыр", - деді Нығматулин.
Осыдан кейін Нұрлан Әлімжанов ант берді. Ал бұған дейін ант берген депутат Гүлшара Әбдіқалықова оны әлеуметтік даму комитетінің құрамына қабылдауға өтініш жасады. Депутатар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.
Естеріңізде болса, 4 қыркүйек күні мәжіліске жаңадан келген үш депутат - Гүлшара Әбдіқалықова, Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова ант берген болатын. Сол кезде белгілі актер Нұрлан Әлімжанов келген жоқ.
Танымал актер әрі әнші, "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған Нұрлан Әлімжанов жақында депутат мандатын алған еді. Алайда ол мәжілістің жаңа сессиясының алғашқы отырысына қатысқан жоқ.
11 қыркүйек 2019 ж. 22 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области