Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекеттік қызметшілер этносаралық келісім мәселелері бойынша тәжірибе алмасып жатыр

Мемлекеттік қызметшілер этносаралық келісім мәселелері бойынша тәжірибе алмасып жатыр

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы: мемлекеттік саясатты іске асырудың миссиясы, міндеттері мен тетіктері» тақырыбында өңірлік семинар-тренинг басталды.
Үш күнге созылатын шараны облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов ашып берді.
Семинар-тренинг жұмысына лекторлар мен тренерлер ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының мамандары, отандық ғалымдар мен сарапшылар қатысуда.
Семинар-тренингтің негізгі аудиториясы Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстары және Алматы, Қызылорда қалаларының этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өңірлердегі ҚХА хатшылықтарының мамандары, «Қоғамдық келісім» өңірлік мекемелерінің мамандары, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері.
Өңірлік семинар-тренинг барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтің Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының шеңберінде айқындалған жалпыұлттық бірлік пен бірегейлікті қалыптастыру бойынша міндеттердің мәні ашылады.
Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық сананы жаңғырту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асырудағы миссиясы айқындалмақ. Қатысушылар қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша тәжірибе алмасып, пікірлерін ортаға салады.

11 қыркүйек 2019 ж. 26 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области