Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада 9 пәтерді тонаған қылмыскерлер сотталды

Қызылордада 9 пәтерді тонаған қылмыскерлер сотталды

Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылдың 7 маусымында сот үкімімен Қызылорда қаласының тұрғындары Б.Н. 3 үш жылға, Б.Е. 1 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

12 қаңтар 2019 жылы Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жәбірленуші пәтер ұрлығы жөнінде шағымданады. Яғни сол күні белгісіз біреулер сағат 09:40-00:00 уақыт аралығында жатын бөлмесінің терезесі арқылы үйге кіріп, қара түсті «LG» үлгісіндегі теледидарын, зергерлік бұйымдарды, қысқы аяқ киімдер мен 2 дана құндыз тонын ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын 2.760 000 теңге.
Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.
Тергеу барысында күдікті ретінде екі қала тұрғындарының бұл қылмыстан бөлек жасаған 8 эпизод қылмыстары әшкереленіп, олар барлық жасаған қылмыстарын толық мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 7. 785 000 теңгені құрайды.
Сот процесінде күдіктілер өздері жасаған қылмыстық іс әрекеттерін мойындап, келтірілген шығынды жәбірленушілерге толығымен өндірді.
11 қыркүйек 2019 ж. 50 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области