Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Атамекен» журналистер арасында байқау жариялайды

«Атамекен» журналистер арасында байқау жариялайды

Kyzylorda-news.kz. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзінің 6-жылдығы орай «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында, отандық кәсіпкерліктің дамуы туралы, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы бұқаралық ақпарат құралдары арасында үздік журналистік материалға байқау жариялайды.

Байқаудын мақсаты – отандык кәсіпкерлердің үздік тажірибесін, мемлекет дамуындағы бизнестің әлеуметтік және экономикалық рөлін насихаттауға бағытталған. Сондай-ақ медиа қоғамдастықты «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы мен ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің нарығындағы қазақстандық кәсіпкерлік жайында насихаттауға шақыру. Байқауға республикалық және өңірлік БАҚ өкілдері, оның ішінде штаттағы және штаттан тыс негізде жұмыс істейтін журналистер де қатыса алады. Байқау жұмыстары түрлі жанрлар мен форматтарда қабылданады: очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық және радио бағдарламалар, әлеуметтік зерттеулер және басқалары.
Байқауға түскен жұмыстарды бағалауда тақырыпқа, байқау талаптарына сай келмейтін және белгіленген мерзімнен кешігіп түскен жұмыстар қаралымға жіберілмейді. Байқау жұмыстарын бағалауда, материалдың кәсіптік деңгейі, жаңашылдығы, эксклюзивтілігі, стиль, мазмұндау тілі, авторлық тұжырымдаманың дербестігі, ақпараттың нақтылығы мен растығы ескерілетін болады.
Байқауға қатысу үшін өтінімді толтырып, келесі электронды мекен-жайға жіберу керек – pr@atameken.kz («Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті).
Байқау жұмыстары өтініш берілгеннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей, 010000 Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 8, «Б» блогы, 2642-кабинетіне пошта арқылы жіберілу керек. Егер байқауға түскен жұмыс ережеде көрсетілген шарттарға сай келмеген жағдайда, Ұйымдастырушы комитет қатысушы өтінімін байқауда қарастырмау құқығын иеленеді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында 2019 жылдың 1 қаңтары мен 1 қыркүйек аралығында жарияланған материалдар байқауға қабылданады. Өтінім қабылдау мерзімі байқау жарияланған күннен бастап 2018 жылдың 25 қыркүйегіне дейін қабылданады.
Байқау келесі аталымдар бойынша жүргізіледі:
•баспасөз БАҚ-та жарияланған үздік сараптамалық материал;
•телевизиядағы үздік репортаж (ақпараттық-сараптамалық бағдарламаға арналған сюжет, деректі фильм);
•интернет-БАҚ-та жарияланған үздік сараптамалық материал;
•үздік радио-сюжет.

Материалдарды ұсыну тәртібі:
Әр материалға бөлек өтінім беріледі (өтінім еркін формада жіберіледі, өтінім үлгісін жүктеу). Онда БАҚ жетекішісінің қолы, автордың аты-жөні, жұмыс орны, қызметі мен байланыс деректері көрсетіледі (электронды мекенжайы мен телефон нөмірі). Аудио и бейнематериалдар эфирлік анықтамалармен қоса беріледі. Байқауға қатысуға өтінімдер хабарландыру шыққан күннен бастап қабылданады.
Аудио мен фото жұмыстар эфир анықтамаларымен қоса беріледі. Телевизиялық жұмыстар – DVD-дискілерде, радио және фото жұмыстар – CD-дискілерде, ал баспа материалдар Word форматында және материал шыққан басылымның PDF форматында (скан көшірме БАҚ жайында ақпарат пен шығыс деректер көрсетілуі тиіс) беріледі.
Бейнесюжеттер 2 минуттан кем емес және деректі фильмдер мен телебағдарламалар 15 минуттан аспайтын хронометражда DVD форматында 1280х720 рix-тен кем болмайтын көрсеткіште ұсынылады.
Аудиоматериалдар хронометражы 20 минуттан аспайтын mp3 форматында ұсынылады. Мәтіндік материалдар Word форматында Ұйымдастырушы комитеттің электронды поштасы арқылы қабылданады.
Байқау қорытындысы 2018 жыл 30 қыркүйекте «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтында – www.atameken.kz жарияланады.
Қосымша ақпаратты: «Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаментінен алуға болады: +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz, бірыңғай call-орталық 1432
11 қыркүйек 2019 ж. 23 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области