Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Заң керуені» акциясы аясында арнайы топ Аралға барды

«Заң керуені» акциясы аясында арнайы топ Аралға барды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен өңірдегі барлық елді мекендерді қамтитын «Заң керуені» акциясы жүзеге асырылуда.

Аталған шараның басты мақсаты–облыс көлеміндегі ауылдарға барып, тұрғындармен кездесу, олардың көкейінде жүрген сауалдарына жауап беріп, өтініштерін қарап, құқықтық көмек көрсету. Осыған орай, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Әлібаев Талғат бастаған облыс прокурорының аға көмекшілерінен және басқарма бастықтары мен Қызылорда қалалық прокуратурасы қызметкерлерінен құралған арнайы топ іс-сапармен Арал ауданында болды.
«Заң керуені» акциясы аясында Арал қаласы, Жақсықылыш және Сексеуіл кенттері мен ауылдық округтер түгелдей араланып, ауылдардағы халықпен кездесу, жеке қабылдау, əлеуметтік нысандардың жағдайын білу, тұрғындармен əңгімелесу, елді мекеннің жалпы жағдайын зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Арнайы топпен жалпы әр ауыл бойынша қалыптасқан проблемалық мəселелердің тізімі жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін бақылауға алынды.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, құқық қорғау органдары мен дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауыл әкімдері, аудан ардагерлері, қала тұрғындары мен көше комиттері, БАҚ өкілдерінің қатысуымен ведомствааралық мәжіліс өткізілді.
Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов жүргізді. Жиын барысында Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Әлібаев Талғат күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлама жасады.
Мәжілісте елді мекендерді аралау барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер кеңінен талқыланып, алдағы атқарар жұмыстар нақтыланды.
10 қыркүйек 2019 ж. 20 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области