Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Еліміздегі белгілі университет ректоры бес мың доллар пара берді деп күдіктелуде

Еліміздегі белгілі университет ректоры бес мың доллар пара берді деп күдіктелуде

Kyzylorda-news.kz. Евней Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры бес мың доллар көлеміндегі пара берді деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Агенттік ақпараты бойынша, бұл заңсыз сыйақыны ЖОО ректоры БҒМ "Ғылым қоры" АҚ басқармасының төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру мәселесіне оңтайлы шешім шығару мен жалпы қамқорлыққа алу үшін берген.
Ведомствода қазір пара алды деп күдіктелген "Ғылым қорының" бұрынғы басшысына қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Алдағы уақытта жоғарыда көрсетілген тұлғалардың кінәсі сот арқылы анықталатын болады.
Айта кетейік, осыған дейін қордың бұрынғы басшысы қазақстандық ЖОО ректорынан заңсыз бес мың доллар теңге алғаны белгілі болған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлағандай, қордың экс-басшысы өз кінәсін мойындап, тергеу амалдары көмектесуге келісім берген.
Кейіннен оның тегі Сұлтанғазин екені анықталды.

10 қыркүйек 2019 ж. 26 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области