Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордалық ардагерлер өзбек жеріндегі тарихи орындарды аралады

Қызылордалық ардагерлер өзбек жеріндегі тарихи орындарды аралады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының ардагерлері көршілес Өзбекстан еліндегі қазақ тарихына қатысты мәдени орындарын аралап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл игі шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстанның Өзбекстандағы жылына орай ұйымдастырылды.
Сыр өңірінің аға буын өкілдері алдымен Өзбекстан астанасы - Ташкент қаласында орын тепкен қазақ халқының тұғырлы тұлғасы - Төле би кесенесіне аялдады. Осыдан үш ғасырдан астам уақыт бұрын бой көтерген кесене бүгінде көпшілік жиі келетін қасиетті орындардың біріне айналды. Ескерткіш Ташкент қаласындағы көне орынның қатарында саналады.
Келесі кезекте қызылордалық ардагерлер Әмір Темір мавзолейіне барды. Сондай-ақ, Регистан алаңы және өзге де көне ескерткіштерді тамашалады.
Сыр топырағында дүниеге келіп, өзбек жерінде өмірден өткен даңқты қолбасшы Жалаңтөс баһадүр Самарқанд қаласының іргесіндегі Дағбет елді мекенінде Мағдум-и Ағзам бейітінің жанына жерленген. Ардагерлер даңқты қолбасшыға арнап салынған ескерткішке барды. Одан кейін Нұрата ауданында орын тепкен Әйтеке бидің екесенесінде де болды.

10 қыркүйек 2019 ж. 23 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области