Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қармақшыдағы жыраулар үйі күрделі жөндеуден өтуде

Қармақшыдағы жыраулар үйі күрделі жөндеуден өтуде

Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда Қармақшы ауданы, Жосалы кентінің орталығында орналасқан Көшеней Рүстембекұлы атындағы «Жыраулар үйінде» күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жердегі жұмыс барысымен аудан әкімі Мұса Қалдарбеков танысты.

Жыраулар үйінің шатырына күрделі жөндеу жұмыстарына «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде іске асып жатыр. Оған жалпы көлемі 143 925,0 мың теңгені құрайтын қаржы бөлінген. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 43,917 млн. теңге, облыстық бюджеттен 4,879 млн. теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылған.
Нәтижесінде «Капстройгрупп-Т» ЖШС-мен жалпы 41580,0 мың теңге көлемінде келісім шарт жасалды.
Құрыш қолды құрылысшылар «Жыраулар үйінің» жұмысын қараша айында аяқтауды жоспарлауда.
Бұдан кейін өңір басшысы Мұса Қалдарбеков Жосалы кентіндегі аграрлық-техникалық колледж бен «Шипагер» емханасындағы құрылыспен танысты. Осы орайда аудан әкімі жауапты мамандарға ұсыныс білдіріп, құрылыс жұмысын мерзімінде мәресіне жеткізуді тапсырды.
09 қыркүйек 2019 ж. 26 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области