Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Отандық заңгер оқушыларға еден жуғызып жатқан мектептерді сотқа бергелі жатыр

Отандық заңгер оқушыларға еден жуғызып жатқан мектептерді сотқа бергелі жатыр

Kyzylorda-news.kz. «Қазақстандық бизнес заңгерлері» АҚҰ президенті Жангелді Сүлейменов өзінің Facebook парақшасында қазақстандық оқушылар сыныптың еденін жуады деген бастамаға қатысты пікір білдірді. Мұндай жаңашылдық Нұр-Сұлтандағы оқу орындарының бірінде басталып та кеткен болатын.

Заңгердің сөзінше, идея авторлары «еденді КСРО уақытында да жуған, бұл ерте жастан балаларға еңбексүйгіштікпен жауапкершілік сезімін оятады, тазалық - денсаулық кепілі, бұл әлемдік тәжірибеде бар» деп айтқан.
Авторлардың бұл дәлелдемелеріне адвокат өз жауабын берді.
"1. КСРО кезінде бір айға қызылша (жүгері, қырыққабат, картоп) жинауға барған, бізде қыркүйек айында барлық балаларды егін жинауға жіберейік. КСРО тәжірибесі білім беру стандарты емес;
2. Еден жуудың жұмыс пен жауапкершілікке еш қатысы жоқ. Осы қисынға сәйкес балаларды күн сайын үш сағат бойы қала көшелерін тазалауға міндеттеу керек. Ал неғұрлым - жұмыс көп болса, соғұрлым жұмысты жақсы көріп және жауапкершілігі артады;
3. Тазалық - денсаулық кепілі. Біздің балаларымыздың бұған қатысы қанша? Онда біздің балаларымыз елдегі бүкіл тазалыққа жауап берсін;
4. Әлемдік тәжірибе. Өзгенің мәдениетінен жеке элементтерді алуға болмайды. Не жапондық оқыту жүйесін, техникалық дәрежесімен қоса аламыз, не ештеңе алмаймыз;
5. Ықылас дегеннің не екенін білемін", - деді маман.
Сондай-ақ ол бастамашыларға өтініш айтты.
"Мұндай тәжірибені тоқтатуды өтінемін, әйтпесе жаңашылдардың қайғысына орай сотқа беремін", - деп қорқытты Сүлейменов.
Сәлден соң, ол өзінің желідегі парақшасында аталмыш тақырыпты жалғастырып, заң нормаларын келтіре отыра тазалық жұмыстарымен кәсіби мамандар айналысу керектігін айтты.
"Тазалауға арналған жуғыш заттарды, дезинфекциялық заттарды нормалық ережеге сәйкес пайдалануға рұқсат етілген.
Дезинфекциялық ерітінділер өндірушінің нұсқауларына сәйкес ерітіндіні дайындаған күні көрсетілген жапсырылған контейнерлерде дайындалады.
Дезинфекциялық және жуғыш заттар және олардың ертінділері оқушылар мен тәрбиеленушілерге қол жетімсіз жерлерде сақталады(...)", - деп жазды заңгер
Сондай-ақ, Сүлейменов балалар дезинфекциялық ерітінділерді өздері дайындауы керек пе деген сұрақ қойды. Заңда оларды оқушылардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек деп нақты айтылған.
"Енді құл еңбегін қорғаушылар үшін. Іс жүзінде біздің балаларымызға лас шүберек пен шелек су беріледі. Балаларға аяқ киіммен жүрген еденді осы шүберекпен жуу керек! Аяқ киімде миллиардтаған инфекция (...) Естеріңізді жиыңыздар!", - деді маман.
Ал балалар омбудсмені Аружан Саин оқушыларды тазалық жұмыстарына тартуға қарсы еместігін жасырмады.
"Өзінің артын жинап жүретін бала да ересек адам да қоқыс тастамайды! Егер осы тәжірибені мектептерде енгізсе тамаша болар еді. Уақыт өте келе, көшелерде, пәтерлерде, кіреберіс жерлерде таза болатынына сенімдімін", - деді ол Facebook парақшасында.

09 қыркүйек 2019 ж. 33 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области