Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды (ФОТО)

Қызылордада аса ауыр қылмыс жасаған күдіктілер ұсталды (ФОТО)


Kyzylorda-news.kz.
2019 жылдың 24 тамызында түнгі уақытта қолдарында қаруға ұқсас затпен 6 бетперде киген белгісіз адамдар жеке кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасап, оны ұрып-соққан. Нәтижесінде алған дене жарақатынан жәбірленуші қайтыс болды. Кәсіпкер үйінен ақша, зергерлік бұйымдар және екі автокөлік ұрланып, аса ірі мөлшерде шығын келтірілген.
Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының және ҚР ІІМ-нің Криминалдық Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесе жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде күдікті 6 тұлға ұсталып, олардан айғақ заттар тәркіленді. Ұсталған күдіктілердің барлығы да здерінің қылмыс жасаған іс-әрекеттерін толығымен мойындаған.
Қылмыскерлер 20-25 жас шамасындағы, тұрақты жұмыстары жоқ және бұрын сотты болғандар екендігі анықталды.
– Қарақшылық қылмысын жасаған қылмыскерлер бүгінде Қызылорда қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары (ҚР ҚК-нің 192-бабының 4 - бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігімен) жалғасуда.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда ұсталған күдіктілердің 5 тамыз күні жеке үйдің гаражынан «Toyota Land Cruiser 200» автокөлігінің ұрлау дерегіне қатыстылығы анықталу үстінде, – деп мәлімдеді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
09 қыркүйек 2019 ж. 47 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области