Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тереңөзекте жас ұрпаққа атқа міну мәдениеті дәріптелді

Тереңөзекте жас ұрпаққа атқа міну мәдениеті дәріптелді

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Сырдария ауданының орталығы - Тереңөзек кентінде «Атқа міну мәдениеті» атты тағылымды шара өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәдени шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұйымдастырылды.
Ұлттық өнерді ұлықтаған шара аудандық ардагерлер кеңесі және «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестіктерінің қолдауымен аудан орталығындағы мәдени-демалыс паркінде өткізілді. Аталмыш шара барысында ат әбзелдерінен көрме ұйымдастырылды. Көрмеде жас ұрпаққа облысқа белгілі атбегі Қожабек Жаппасбаев тағылымды әңгіме айтты. Ол әр жылдарда сәйгүлік жаратқанда тұтынған әбзелдері жайында сыр шертті. Сондай-ақ, ауданға танымал ұста Сәйділда Сәдуақасов шабандоздар үшін соққан мүліктері туралы ой қозғаса, жергілікті қолөнерші Салтанат Мамытаеваның жасаған әбзелдері көрмеге қойылды.Рухани жаңғыруға арналған ізгі шараны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы ашып, атқа міну мәдениетінің қыр-сырына тоқталды.
Көрмеге қойылған құранды ердің түр-түрі, өмілдірік, құйысқан, аттың мойнына тағатын алқа тағы басқалар көз жауын алады. Белгілі атбегі Қожабек Жаппасбаев коллекциясында XVIII ғасырда жасалған антиквариат саналатын ер де бар. Қ.Жаппасбаев баптаған аттар талай дүлділді жарыста бас бәйгені жеңіп алды. Аймаққа танымал атбегі өзі тұтынған әбзелдерді көздің қарашығындай сақтап, осы күнге жеткізген.
09 қыркүйек 2019 ж. 51 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области