Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ғарышта 12 күн болған робот Федор Жезқазғанға қонды

Ғарышта 12 күн болған робот Федор Жезқазғанға қонды

Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған робот «Федор» орбитада 12 күн жұмыс істеп, аман-есен Жерге оралды. Бұл туралы «Роскосмостың» баспасөз қызметі хабарлады.

Бортында робот Федор Skybot F-850 бар «Союз МС-14» ғарыш кемесінің аппараты 7 қыркүйек күні Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 147 шақырым қашықтықта Нұр-Сұлтан уақытымен 03 сағат 32 минутта қонды.
«Роскосмос» баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Союз МС-14» ғарыш кемесінің жерге қонуы және орбитадағы жұмысы бойынша барлық операция штаттық режимде өткен.
Еске салайық, «Союз-МС» көліктік кемесі бар «Союз-2.1а» жаңа зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2019 жылдың 22 тамызында ұшырылды. Алайда, ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) белгіленген уақытта түйісе алмады.
Бұдан бұрын «Союз-2.1а» зымыраны орбитаға тек «Прогресс» жүк кемелері мен түрлі бағыттағы ғарыш құрылғыларын шығарып отырды. 25 қыркүйекке жоспарланған ұшырылымнан кейін «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын «Союз-ФГ» кемесіне ауыстырады.
09 қыркүйек 2019 ж. 39 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области