Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ресейдің сайлау комиссиясының басшысына шабуыл жасаған қазақстандықтың кім екені анықталды (ФОТО)

Ресейдің сайлау комиссиясының басшысына шабуыл жасаған қазақстандықтың кім екені анықталды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Ресей Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилованың үйіне түсіп, оған шабуыл жасаған қазақстандықтың кім екені анықталды. Бұл туралы Риа Новости хабарлады.

Бүгінде шенеунікке шабуыл жасаған қазақстандық ұсталған. Оның кім екендігі де анықталған. Бірақ, ұсталған қазақстандықтың айтуынша, оның Э.Памфиловаға шабуыл жасау ойында болмаған. Ол Орталық сайлау комиссиясы басшысының үйіне тек тамақ іздеп барыпты.
Ал, шенеуніктің сөзінше, ол нағыз шок алған. Алайда, Памфилова қазақстандық үйіне баса-көктеп кірмей, есіктің қоңырауын басып, тамақ пен жұмыс сұраса, екеуін де беретін едім дейді.
«Тамақ та беретін едім. Мен қарны аш иттер мен мысықтарды тамақтандырамын, үйі жоқ екі мысық менің үйімде тұрады. Ал адамға тамақ беру мүлде проблема емес», - дейді Ресейдің ОСК басшысы.
Ол қазір бұл жағдайға күліп қарағанымен, сол уақытта басқа сезімде болғанын айтады.
Айта кетейік, демалыс күндері белгісіз біреу Элла Памфилованың үйіне кіріп, оны бірнеше рет электрошокермен ұрып, тығылып қалғаны туралы ақпарат пайда болды.
Артынша шабуылшының қазақстандық Башит Қарабалаев екені анықталды. Бес жылдай уақыт шамасында Ресейде тұратын азамат құжаттарын жоғалтып алған. Қазір ол еш жерде жұмыс істемейді, орманда өз қолынан жасалған лашықта тұрады.
Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилованың жағдайына алаңдап, президент Владимир Путиннің өзі оған қоңырау шалған.

09 қыркүйек 2019 ж. 19 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области