Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы орталық мешітте «Шебер әйел» қолөнер орталығы ашылды (ФОТО)

Қызылордадағы орталық мешітте «Шебер әйел» қолөнер орталығы ашылды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Шебер әйел» қолөнер орталығының ашылу салтанаты өтті.

Қазақстан республикасындағы Біріккен Араб Әмірліктері елшілігі мен «UMMET» қоғамдық қорының демеушілігімен жабдықталған тігін сыныбын салтанатты ашу рәсімінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы құттықтау сөз сөйлеп, ақсақалдармен бірге лентасын қиды.
Аталған демеушілердің ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан бастау алған қайырымдылық жобасы Қызылорда қаласында жалғасып, Сыр өңірінің әйел жамағатын қуанышқа бөледі.
Жобаның мақсаты - "балық берме, қармақ бер" демекші, жұмыссыз жүрген қыз-келіншектерге үйде отырып та табыс таба алатын кәсіпті үйрету.
Орталық 20 тігін машинасымен жабдықталған және мешіт тарапынан қажетті құрал-жабдықтармен (қайшы, ине-жіп, мата, т.б.) қамтамасыз етілген. Курс тегін жүргізіледі, модельер-конструктор, тәжірибелі маман, «Сафия» тігін шеберханасының директоры Ж.Ермекқызы тігін үйренуге ниетті кез-келген қыз-келіншекке оның қыр-сырын үйретеді.
Болашақта қолөнер орталығында тігіннен бөлек, аспаздық, тоқыма және т.б. бойынша кәсіби мамандардан шеберлік сабақтары мен өзгеде қолөнер курстарын өткізу жоспарлануда.

06 қыркүйек 2019 ж. 167 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области