Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Аралдағы Жақсықылыш кентін газдандыру жұмыстары басталды (ФОТО)

Аралдағы Жақсықылыш кентін газдандыру жұмыстары басталды (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Арал ауданына қарасты Жақсықылыш кентін газдандыру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда АГРС-тен бастап Арал-Жақсықылыш аралығындағы 10,5 шақырым жер қазылып, газ құбырының трубалары жүргізілді. Кент ішіндегі көшелердің трубалары монтаждалып, тіреулері қойылуда.

Бұл жұмыстарды мердігер компания – «Компания Газ Строй» ЖШС-і жүргізуде. Кентке жалпы ұзындығы 55,2 шақырым газ желілері және 1 газ тарату пункті 4 газ басқару пункті орнатылатын болады. Кентті газдандыру жұмыстары 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Сондай-ақ, биылғы жылы ауданда 6 нысанның Өнер мектебі, Мәдениет орталығы, «Гүлдер», «Мереке», «Алтын балық» балабақшалары, №64 орта мектебінің бу қазандықтары газ отынына ауыстырылады.
Бұдан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 4 нысанды – №220 орта мектебі, №62 мектеп-лицейі, Аудандық мәдениет үйі, Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимаратын көгілдір отынға қосу жұмыстары жүргізілуде. Аталған әлеуметтік нысандарды газдандыру жұмыстары биылғы жылу маусымына дейін аяқталады деп күтілуде.
Қазіргі таңда аудан орталығындағы 8 әлеуметтік, 184 кәсіпкерлік және әкімшілік нысан, 5830 тұрғын үй көгілдір отынға қосылған.

06 қыркүйек 2019 ж. 33 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области