Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » БЕЛГІЛІ МҮСІНШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

БЕЛГІЛІ МҮСІНШІ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ


    «Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалының ұйымдастыруымен аудандық тарихи-өлкетану мұражайының залында «Ұлы Дала қазынасы» партиялық бағыты аясында белгілі мүсінші, ҚР суретшілер одағының мүшесі Жәнібек Маханбетовпен кездесу өткізілді.
    Кездесуге аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Омаров, аудандық партия филиалының қызметкерлері,  «Мұражай» бастауыш партия ұйымының мүшелері және жоғары сынып оқушылары қатысты.
    Кездесу барысында Ж.Маханбетов қатысушыларға өз туындыларын таныстырып, әрбір мүсіннің шығу тарихын сипаттап берді.
    Биыл Астана қаласында өткен «ЕХРО - 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесінің  этноауылында өзімнің төл туындыларымды дүйім жұрт алдында таныстырдым. Көрмеге Венгрия мемлекетінен келген делегаттар арасында өзіміздің қандасымыз да бар екен. Олар қазақ халқында әлі күнге дейін мүсін өнерін жалғастырушылар бар екендігін көріп, қатты таңырқап, ризашылығын білдірді. Қандасымыз ұлтқа, Отанға деген сағынышын айтып, көзіне жас алды,- деді ол.
    Мұнан соң, мүсін өнерінің шебері қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.  

20 қазан 2017 ж. 514 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области