Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шиеліде жоңышқа мен бидай тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Шиеліде жоңышқа мен бидай тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Шиелі ауданы аумағындағы тас жолда «МАЗ-5432-03» автокөлігінің тіркемесіндегі 800 бау жоңышқа шөбі мен 3 тонна бидай өртеніп кетті. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталмыш оқиға «Шымкент-Самара» тас жолының бойында орын алған. Түркістан облысы тұрғынының басқаруындағы «МАЗ-5432-03» автокөлігінің тіркемесіндегі 800 бау жоңышқа шөбі мен 3 тонна бидай өртеніп кеткен.
«Өрттің шығу себебі белгісіз. Оқиға орнына сол аймақта қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерлері барды. Оқиға барысын таразылаған олар бұл жерге өрт сөндіру қызметі мамандарын шақырды. Оқиға барысында зардап шеккен адамдар жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
06 қыркүйек 2019 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области