Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әйелдерге арналған фильмдер

Әйелдерге арналған фильмдер

Әйел жаны нәзіктікті қалайды, таңғажайыпқа толы әлемнің есігін қиялмен ашсам дейді. Олар махаббатты бағалайды әрі болмысы ерекше сезімталдықпен үйлесе отырып, әйел жаратылысының сұлбасын жасайды. Олар тіпті фильмді де асқан шеберлікпен таңдай алады. Кез келген фильм оларға ұнай қоюы мүмкін емес. Терең мағынасы бар, әйел нәзіктігі мен батылдығын қатар көрсете білетін фильмдер оларға ұнауы тиіс. Ендеше назарларыңызға әйелдерге арналған фильмдердің "ТОП-5" тізімін ұсынамыз:

1. Келешек туралы естелік (ВОСПОМИНАНИЯ О БУДУЩЕМ)
Тағдыры мен арманын соғыс талқандаған буынның қилы тағдырын бейнелейтін фильмде көзіңізге жас алмай қоймайсыз. Басты кейіпкер Вера Бриттен жазушы болуды армандайды және ата-анасының қарсылығына қарамастан Оксфорд колледжіне оқуға түседі. Бірақ, сол мезетте Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталады да, інісі Эдвард, сүйіктісі Роланд және достары майдан алаңына аттанады. Оларға жақын болу үшін, Вера өз еркімен медбике болуға шешім қабылдайды.
Жыл: 2014 Ел: Ұлыбритания
Жанр: драма, әскери, биография, тарихи
Рөлдерде: Алисия Викандер, Кит Харингтон, Тэрон Эджертон, Колин Морган, Эмили Уотсон

2. Менің жалғызым (МОЙ ЕДИНСТВЕННЫЙ)
Әйел адамның данышпандығы, аналық сезім, отбасылық құндылықтар туралы әсерлі фильм. Бұл фильм америкалық актер Джордж Хэмилтонның естелігіне негізделіп түсірілген.
Жыл: 2009
Ел: АҚШ Жанр: комедия, драма
Рөлдерде: Рене Зеллвегер, Ник Стал, Стивен Уэбер

3. Өтем (ИСКУПЛЕНИЕ)
Бағбанның ұлы Робби белгілі саясаткердің қызына ғашық болады. Сесилияның оған сезімі болса да, олардың арасына түсіп, махаббаттарына кедергі болған жандар бар еді. Олардың бірі – 13 жастағы сіңілісі Брайони. Ғашықтарды айырып қана қоймай, жігітке жала жауып, қауіпті қылмыскер ретінде халыққа көрсетеді. Кейін өмір бойы сол қателігіне бола бармағын тістеп, өзін кінәлаумен өткізеді.
Жыл: 2007
Ел: Ұлыбритания, Франция, АҚШ
Жанр: драма, мелодрама, детектив, әскери
Рөлдерде: Джеймс МакЭвой, Кира Найтли, Сирша Ронан

4. Моно Лизаның күлкісі (УЛЫБКА МОНЫ ЛИЗЫ)
Жас мұғалім Кэтрин белді әрі жекеменшік қыздар колледжіне жұмысқа орналасады. Сабақ барысында жас тәрбиеленушілеріне қыз бала тек үй шаруасымен айналысатын адам ғана емес, тағдыры мен барар бағытын өзі таңдауға құқығы бар адам екенін түсіндіруге тырысады.
Жыл: 2003
Ел: АҚШ Жанр: драма
Рөлдерде: Джулия Робертс, Кирстен Данст, Джулия Стайлз, Мэгги Джилленхол, Джиннифер Гудвин

5. Өгей шеше (МАЧЕХА)
Ана мен өгей шешенің арасындағы қарым-қатынас туралы әсерлі фильм. Джеки өзінің күйеуінің екінші жарынан балаларын қызғанып, олардың жақын дос болуына кедергі келтіруге тырысады. Бірақ, кейін өзінің айықпас дертке шалдыққанын біледі. Демек, оның балалары бәрібір өгей шешемен өмір сүруі тиіс. Джеки енді не істемек?
Жыл: 1998
Ел: АҚШ
Жанр: драма, комедия
Рөлдерде: Джулия Робертс, Сьюзен Сарандон, Эд Харрис, Джена Мэлоун, Лиам Эйкен

08 қыркүйек 2019 ж. 22 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области