Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Айдың арғы бетінен табылған біртүрлі зат туралы не білеміз?

Айдың арғы бетінен табылған біртүрлі зат туралы не білеміз?

Kyzylorda-news.kz. Қытайлық «Юйту-2» ровері Айдың арғы бетіндегі кратерлердің бірінен белгісіз материал тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Белгісіз материал шілде айының соңында жүргізілген шолу жұмыстарының барысында табылған. Алайда бұл туралы енді ғана белгілі болды.
Қытайлық ғалымдар ровердің негізгі камерасына түсірілген суреттерді тексеріп отырып, біртүрлі затты байқаған. Суреттердің біріне «түсі біртүрлі» және «құрылымы гель тәрізді» материал түсіп қалыпты. Әзірге зерттеушілер бұл заттың құрамын атауға қиналып отыр.
Ғалымдар табылған материалды зерттеу үшін құрылғыны басқарудағы басқа жоспарларды кейінге шегеріп, біртүрлі зат туралы көбірек материал жинауға тырысуда.
2019 жылдың 3 қаңтарында қытайлық «Чанъэ-4» құрылғысы ай бетінде жүретін «Юйту-2» құрылғысымен бірге Айдың бетіне қонды. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін құрылғы Айдың арғы бетінен алғашқы суреттерді жібере бастады.
07 қыркүйек 2019 ж. 22 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области