Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бойдағы бұла күшті қалыптастырудың 5 амалы

Бойдағы бұла күшті қалыптастырудың 5 амалы

Бір ғұлама ақша мен бақыттың не екенін жақсы білген екен, өйткені ол адамда бұның екеуі де бар болатын. Қаржы дағдарысы кезінде құлдырауға ұшыраған одан: "Кедей болған қандай екен?", - деп сұрапты. Сонда ғұлама: "Мен кедей емеспін, мен ақшасызбын. Кедейлік - ақыл-ойдың жұтаңдауы, ал мен ешқашан да кедей болмаймын", - деп жауап беріпті.

Терең ойлау
Байлық пен кедейлік – жан-дүниенің негізі, жай-күйі. Кей адамдар ақшасы болмаса да өзін баймын деп, ал байлар – кедеймін деп есептейді. Егер сіз рухани кедей болып, таяз ойласаңыз – бұл өте қауіпті. Ал кейде ақшаның келіп-кететініне қарамастан байлық туралы терең ойға шомасыз. Негізі, өз бағаңызды арттырып, жеке тұлға ретінде құныңыздың аса жоғары екендігін бір уақыт еске салып қойғаныңыз жөн. Нағыз байлық деген осы емес пе?!
Бізге үнемі ұнаған нәрсемен айналысу қажеттігін айтып жатады, ал ақша болса өзі келеді дейді. Кей уақытта бұл дұрыс екендігіне көз жеткізесіз. Сүйікті ісіңізбен айналысу – бар байлықтан артық қой, сіз үшін маңыздысы да осы емес пе?!
Көбіне о дүниеге аттанар сәтте адамдар: “Мен арманыма жеткен жоқпын”, “Өзімнің қалаған ісіммен айналысқан жоқпын”, “Ақшаның құлына айналдым” деген сияқты өкініші басым сөздерді жиі айтады. Ал: “Кеңседе ұзағырақ отырғанымда ғой”, “Ақшам мыңдаған долларға көбірек болғанда бақыттырақ болар едім” деген сөздерді ешкім айтпайды.

Бақылаудан босату
Біз көбіне ақшаның алып күш екендігіне, адамдарға әміріңді жүргізіп, жағдайды үнемі бақылауда ұстау арқылы, билікке қол жеткізуге болады дегенге сенеміз. Күнделікті ісімізді қалыпты деңгейде басқарып отырған маңызды, алайда бақылау тым шектен шығып кеткен жағдайда сіз өзіңізге өзге мәселе тауып бересіз. Яғни, қолжетпес нәрсеге ұмтылу арқылы қажетсіз нәрсеге көп энергия жұмсаймыз. Ақшасы көп, билік басында отырған адамдардың қоршаған ортаға әмірі жүретіндігі сөзсіз. Алайда бұның уақытша екендігін ұмытпаған жөн.
Біз негізі өзге жандар мен туындаған мәселені жіті қадағалауға ұмтылған сайын өзімізді де өзгені де өмірде кездесер жеңістер мен жеңілістерден ада етеміз. Барлығының өз қалауымызша болғанын қалайтынымыз рас. Бірақ ылғи олай бола бермейді. Өйткені, сіз таңдаған жолдың тура екендігіне кім кепіл? Неге өзгелер сіздің жолмен жүруі тиіс? Сіз бен біз тек қарым-қатынас пен өмірді өз қадағалауымыздан босатқан жағдайда ғана күшейе түсеміз. Ал, өмірде әр нәрсе өз орнын табады.

Өзімізді қалай бақытты етеміз?
Адам бойындағы күш – туа біткен қабілет, бұл – шындық. Басқа біреудің айтқанымен жүретін болсақ бұл қабілеттен айрылып қалуымыз ықтимал. Оны қалай қайтаруға болады? Сіздің басқа адамды бақытты етуге ерік-күшіңіз жетпейтін шығар, бірақ өзіңізді бақытты ете алатындығыңыз сөзсіз. Өзіңіз он жыл бұрын көңілін табуға тырысқан адамдарды еске алып көріңізші. Олар қазір қайда? Ол жандар сол кезде-ақ сізге қолын бір сілтесе де әлі оның көңілін табуға тырысып жүрген шығарсыз? Жіберіңіз. Оның көңілін табамын деп бар күш-қуатыңыздан айрылғанша жігеріңізді қайта қайтарыңыз. Өйткені, біздің күш-жігеріміз өзіміздің арман-мақсатты іске асыруға жұмсалуы тиіс. Бұл сіздің сүйікті ісіңізбен айналысуыңызға, тұлға ретінде қалыптасуыңызға көмектеседі.

Өзгелерге сенім арту
Біздің күш-жігеріміз өзіміздің және айналадағы жақындарымыздың өмірін қуаныш пен бақытқа толтыратын кеңістік іспеттес. Бұл қуат өзгелерге қамқор болуға септігін тиігізеді. Егер жақындарыңызға қамқор бола алсаңыз – ол сіздің жеңісіңіз. Мәселен, мен сізге «Сен мықтысың. Бұл мәселені өзің-ақ жеңіл шешуге қауқарың жетерлік қой» деп сендісем, сіз де мен де сіздің мықтылығыңызға сенгендігіміз болып табылады. Бір жағынан мен сізге сенім ұялатсам, екіншіден үміт артқандығым деп біліңіз. Ал, осы істен нәтиже шығып жатса сіз шынымен де өзіңізді бақытты сезінесіз.

Нәтиже: Өзгелерге сенім арту арқылы біз өз өзімізге де сенімді бола бастаймыз.

Бүгінгі күнмен өмір сүру
Неге біз бүгін емес, ертең деп өмір сүреміз? Ертең бақыт та, күш те, байлық та болады дегенге сеніп, үмітпен жүреміз. Барлығы болған күннің өзінде бір нәрсе жетіспей тұрған сияқты көрінеді. Өйткені, бүгінгі қолымызда бар нәрсеге қанағат қылмаймыз. Сондықтан, бақытсыз күй кешеміз. Өмірім бұдан да жақсырақ болса ғой деген жалаң ойдың жетегінен шыға алмай қаламыз.
Өмір мен өлімнің ортасында жатқан адам мұндай ойдан ада болады. Өйткені, олар үшін таң атпауы да мүмкін. Сондықтан ондай жандар бүгінгі күнмен өмір сүреді, соған ризашылық білдіреді. Әр күннен, дәл қазіргі сәттен ләззат ала білу қажет. Өйткені, Алла тағала бізді жайдан-жай жаратқан жоқ. Жарық дүниеге келудің өзі – бақыт. Сол себепті өмірдің әр сәтін бағалай білу керек. Сонда сұрықсыз күндеріңіз шуақты күнге, бақытсыз күндеріңіз бақытты күнге айналып шыға келері сөзсіз. Ойланып көріңіз!

07 қыркүйек 2019 ж. 26 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области