Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 8 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

8 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

Журналистердің халықаралық ынтымақ күні
(1958) Бұл күні чех журналисі Юлиус Фучикті гитлершілер Берлин түрмесі - Плетцензеде айуандықпен өлтірген. Бухаресте өткен 4-ші Халықаралық журналистер ұйымы конгресінің шешімі бойынша бұл дата жалынды журналисті еске алу мақсатында атап өтіледі.

Бүкіләлемдік алғашқы медициналық көмек көрсету күні
2000 жылдан бастап жыл сайын көптеген елдерде қыркүйектің екінші сенбісінде атап өтіледі.

1994 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Даму банкі құрылды.

2006 жылы Моңғол ұлттық қоғамдық телеарнасында «ТВ-Толқын» атты қазақ бағдарламалары редакциясы өз жұмысын бастады. Телебағдарлама қазақ тілінде аптасына 1 рет жарық көріп тұрды.

2012 жылы қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Бельгияның Брюссель қаласында өткен «Гауһар лигасында» жеңіске жетті. «Гауһар лигасы» «Алтын лиганы» алмастырған жеңіл атлетика бойынша жыл сайын өтетін коммерциялық жарыстар топтамасы. Бұл лигаларды жеңіл атлетика федерацияларының халықаралық қауымдастығы ұйымдастырады.

2015 жылы «Қазпошта» АҚ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған пошта маркасын айналымға шығарды.
08 қыркүйек 2019 ж. 30 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области