Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында туберкулезге қарсы екпе уақытша тоқтатылған

Қызылорда облысында туберкулезге қарсы екпе уақытша тоқтатылған

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жыл сайын туберкулезге қарсы 10 мыңнан астам жаңа туылған нәресте және 3000-нан астам 6-7 жастағы балалар вакцинамен қамтылады. Өткен кезеңде облыста 11 мыңға жуық бала егілген. Олардың ішінде иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің күрделі жағдайлары тіркелмеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Ана мен бала денсаулығын қорғау» бөлімінің басшысы Бибізада Дүйсенбаева мәлімдеді.

Брифингте баяндамашылар мәлім еткендей, туберкулезге қарсы вакцинациялау балалардың арасында туберкулез менингиті және диссеминирленген туберкулез сияқты ауыр жағдайларының дамуына жол бермеуге мүмкіндік береді.
Соңғы 20 жылдың ішінде облысымызда туберкулез дертіне шалдыққандар 5,2 есеге (100 мың халыққа шаққанда 1999 жылғы 291,4-тен 2018 жылғы 55,13-ке дейін), 14 жасқа дейінгі балалар арасында 9 есеге (100 мың балаға шаққанда 1999 жылғы 79,8-ден 2018 жылғы 8,9-ға дейін) төмендеген.
Бұл деректер балаларды вакцинациялауды қоса алғанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігін растайды.
Алайда туберкулезге қарсы вакцина (БЦЖ) «Japan BCG Laboratory» (Жапония) зауыт-өндірушісімен 35 елден кері қайтарып алынуына байланысты облыста, жалпы республикада туберкулезге қарсы вакцинациялау уақытша тоқтатылған.
Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен «SERUM institute of INDIA» (Үндістан) өндірісінің БЦЖ вакцинасын сатып алу және жеткізу мүмкіндігін қарастырылуда.
Вакцинация ағзада арнайы антиденелердің түзілуі мақсатында жүргізіледі, осылайша көкжөтел, сіреспе, дифтерия, туберкулез, полиомиелит, қызылша, қызамық, паротит сияқты ауруларға қарсы ағзаның қорғаныш қызметін (иммунитет) күшейтеді.
Қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдай Департаменттің тұрақты бақылауында көрінеді. Инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар әлі де жалғасуда, облыста 300-ден астам байланыста болған адам қызылшаға қарсы егілген.
Қызылшамен сырқаттанушылық бір жасқа толмаған егу жасына жетпеген балалар арасында көп тіркелгенін ескере отырып, амғымдағы жылы 1 сәуірден бастап 9-10 айлық балаларды қосымша вакцинациялау жүргізілуде. Облыста 7000-нан астам бала екпемен қамтылды. Бұдан бөлек, 4500-ден астам медицина қызметкерлері егілді.
Қабылданып отырған шаралар аталған аурумен сырқаттанудың динамикасын төмендетуге мүмкіндік беріпті. Мысалы, шілде айында қызылшамен сырқаттанушылық 2019 жылдың наурыз айымен салыстырғанда 17 процентке (81 жағдайдан 64 жағдайға дейін) төмендеді.
Ересек тұрғындардың арасында неғұрлым жоғары сырқаттанушылық 20-29 жастағы адамдар арасында тіркелген. Осыған орай, облысымызда 2019 жылдың қыркүйек айында осы жастағылар арасында қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау кампаниясы басталады.
– Профилактикалық егуден бас тартқан жағдайда ата-аналар баласын инфекциядан және оның салдарынан қорғану құқығынан айыруы мүмкін екендігін есте сақтауы қажет, – дейді жауапты сала мамандары.

04 қыркүйек 2019 ж. 29 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области