Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыға мемлекет және қоғам қайраткері Виталий Брынкин келді (ФОТО)

Қазалыға мемлекет және қоғам қайраткері Виталий Брынкин келді (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданына мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Виталий Брынкин арнайы келді. Құрметті қонақпен бірге облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов, «ҚарГерМұнай» БК» ЖШС Басқарма кеңесшісі Айтбай Көшербаев және аудан әкімі Мұрат Ергешбаев бірге жүрді.

Виталий Брынкин қазыналы Қазалы жерінде алдымен «РЗА» АҚ-ның ірі қара өсіру кешені мен тәулігіне 30 тонна сүт өңдейтін зауыт жұмысымен танысты.
Мұнан соң Ғани Мұратбаев ауылына жол тартып, аудан активімен кездесті. Абаттандырылған ауыл саябағымен танысып, Шығыстың жарық жұлдызы атанған Ғани Мұратбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Сондай-ақ, Әйтеке би бидің еңселі ескерткіші жанында Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің екі аралығында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Айта кетейік, бүгінде Мәскеу қаласында тұратын Виталий Брынкин еліміздің бірнеше өңірінде басшылық қызметте болып, өзі қызмет істеген жердің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосты. Ал, 1987 жылы Қызылорда облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 1989 жылдан еліміздің тәуелсіздік алғанға дейін облыстық атқару комитетінің төрағасы болды.
Егемен ел болған алғашқы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет етіп, республикалық маңызды шараларды өткізуді ұйымдастырды.

04 қыркүйек 2019 ж. 26 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области