Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әзербайжан жазушысы Қорқыт туралы телехикая түсіруді ұсынды

Әзербайжан жазушысы Қорқыт туралы телехикая түсіруді ұсынды

Kyzylorda-news.kz. Әзербайжанның әйгілі жазушысы Анар Расул оғлы Рзаев барлық түркі мемлекеттерін Қорқыт туралы телехикая түсіруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әзербайжан мен Қазақстанды тереңге кетіп жатқан тарихи тамырластық пен ортақ дін байланыстырады. Ал қазіргі дәуірде экономика мен саясат біріктіріп тұр. Екі елдің тәуелсіздік дәуірінде осы бірліктің негізін Гейдар Әлиев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалап кетті. Нұрсұлтан Назарбаевтың Бакуде басылған кітабына алғысөз жазғаныма қуаныштымын. Біздің Қазақстанмен рухани байланысымыз соңғы екі ғасырда тіптен астасып жатыр. ХІХ ғасырда Низами Гәнжауи қыпшақ аруы Аппақпен отау құрып, ерте айырылады. Соның күйігінен «Сенсіз» атты әйгілі өлеңін жазды. Бұл өлең кейін романсқа айналды... Ал Қорқыт екі халықтың ортақ бабасы саналады. Әзербайжан ЮНЕСКО-ның қолдауымен Қорқыттың 1300 жылдығы тойлады. Күй атасы туралы фильмдер түсіріліп, кітаптар шықты. Мен қырғыз, өзбек, қазақ, түрікмен сияқты бауырлас мемлекеттердің бірлесіп Қорқыт туралы телехикая түсіргенін армандаймын», - деді Анар Рзаев.
Еске салсақ, елордада Азия қаламгерлерінің І форумы өтіп жатыр. Оған әдебиет бойынша Нобель сыйлығының 3 номинанты қатысуда. Форум барысында әдебиет бойынша Нобель сыйлығының құрлықтық баламасын тағайындау ұсынылмақ.
04 қыркүйек 2019 ж. 141 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области