Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада картоп пен асқабақтың жаңа сорттары жерсіндірілді

Қызылордада картоп пен асқабақтың жаңа сорттары жерсіндірілді

Kyzylorda-news.kz. Шиелідегі «Алтын дән» шаруашылығында асқабақ пен картоп сорттарын тауар өндірушілерге енгізу және тарату жобасы жүзеге асырылуда. Онда Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты инновациялық технологияларды қолданып жатыр.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы баспасөз қызметінің дерегінше жұмыс барысында институт картоптың ақсор, жанайсан, үшқоңыр сорттарын өндіріске енгізіп, өнімділікті 10-15%-ға арттыруды көздеп отыр. Сондай-ақ, экономикалық тиімділік 18,0-20,0 мың тг/га құрайды.
Ал, афродита, карина және мозолевская 10 малазықтық асқабақ сорттары өндіріске енгізу нәтижесінде өнімділігі 15-20%-ға артады. Экономикалық тиімділік 32,0-35,0 мың тг/га құрайды. Тауар өндірушілер асқабақ өнімдерімен мал шаруашылығына қажетті ішкі сұранысты қанағаттандырады.
Институт ғалымдары отандық және шетелдік ғылыми жетістік нәтижелері мен өңірдегі озық шаруашылықтардың өндірістік жетістіктерін бірлесе пайдалану арқылы, келешекте картоп дақыл өнімінің экспорттық әлеуетін арттырм асқабақ пен картоп сорттарын тауар өндірушілерге енгізу және тарату жобасын жүзеге асырмақ.
03 қыркүйек 2019 ж. 44 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области