Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы Нағи Ілиясов ауылында егінге орақ түсті

Қызылордадағы Нағи Ілиясов ауылында егінге орақ түсті

Kyzylorda-news.kz. Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиевпен бірге Н.Ілиясов ауылындағы «Мағжан және К» серіктестігінің егіс алқабында болып, егінге орақ салу рәсіміне қатысты.

Шаруашылық қызметкерлері үшін қуанышты сәтте аудан басшысы егіншілерге сәттілік тілеп, тілектестігін білдірді.
«Сыр күріші – ел ырысы. Жыл сайын аграрлы ауданымыз ауылшаруашылық саласы бойынша жоғары белестен көрініп келеді. Биылғы жылы да сырдариялық дала еңбеккерлері күріштен мол өнім жинайды деген сенім бар. Сіздерді биылғы жылдың егініне алғашқы орақ түсу рәсімімен құттықтаймын. Еңбектеріңіздің жемісін көрулеріңізге тілектеспін. Өнім мол болсын, қырман тасысын»,- деген аудан басшысы биыл аудан бойынша 32597 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, оның ішінде күріш 21050 гектарды құрағанын атап өтті.
Егінге орақ салу рәсімінде ауыл ақсақалдары ақ бата берсе, ақ жаулықты аналар шашу шашты. Сонымен бірге, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның Еңбек Ері А.Ералиев ауылға арнайы уақыт бөліп келген, егіншілердің қуанышына ортақтасқан аудан әкіміне серіктестік ұжымының атынан алғысын білдірді.
Серіктестік төрағасы Д.Ералиев қырман жұмысымен таныстырып, жаңадан техникалар алынғаны жөнінде мағлұмат берді. Сондай-ақ, алдағы жылы атқарылатын жұмыс жоспарларымен таныстырды.
Айта кету керек, «Мағжан және К» серіктестігі биыл 2630 гектар жерге Сыр салысын еккен.

02 қыркүйек 2019 ж. 28 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области