Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда қанша автокөлік бар екенін білесіз бе?

Қазақстанда қанша автокөлік бар екенін білесіз бе?

Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда қанша автокөлік бар екендігі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан автобизнес қауымдастығының хабарлауынша, елімізде барлық типтегі 4 566 198 көлік пен тіркеме бар. Олардың 3 755 890 данасы немесе 82,2 пайызы жеңіл автокөліктер. 446 475 ауыр жүк көліктері болса, 241 259 тіркеме мен жартылай тіркеме, 63 058 мототехника мен 59 516 автобус бар. Көбінесе автокөліктер елдің оңтүстік-шығысында шоғырланған.
«Жалпы, көліктер мен тіркемелердің қолданыстағы жылы 20 жылдан асып кеткен (2 485 161). 10 мен 20 жыл аралығындағы көліктердің саны 959 263. Сонымен бірге, 1 миллионға тарта көліктің жасы 3 пен 10 жыл аралығында. Үш жылға дейінгі көліктердің саны 176 661 авто», - делінген хабарламада.
Көлік маркалары бойынша Қазақстанда ең көп көліктердің көшін ВАЗ/Lada (757 960 дана) бастап тұр. Аталған көліктерді пайдаланғанына 20 жылдан астам уақыт өтіп кеткен. Ал екінші орындағы Toyota маркалы көліктердің саны 487 453 авто. Сондай-ақ, тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға Германиядан миллионға тарта көлік жеткізілген. Ең көп кездесетін неміс бренді Volkswagen. Аталған марка бойынша Қазақстанда 294 мың көлік бар.
Одан кейінгі орындарда Audi – 224 мың авто мен Mercedes-Benz (190 мың) орналасқан.
01 қыркүйек 2019 ж. 27 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области