Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 1 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

1 қыркүйек: Атаулы күндер мен оқиғалар

Білім күні
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес атап өтіледі.

1950 жылы Мұхтар Әуезов Қазақ мемлекеттік университетінде «Абайтану» пәнін енгізді. Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) - қазақ әдебиетінің классигі, жазушы, қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР ҒА-ның академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. Жазушы өзінің шығармашылық жолында талай жанрға, тақырыпқа із салып, қыруар, очерк, әңгіме, пьесалар жазған, тамаша аудармалар жасаған, әдеби сынға, әдебиет тарихын зерттеу жұмысына белсене ат салысып, көптеген мағыналы мақалалар жариялаған, баяндамалар жасаған, оқулықтар құраған, жоғары оқу орындарында дәріс беріп, теориялық білімін жетілдіріп отырған.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасында сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

2011 жылы Жаңаөзен қаласындағы Бұрғылаушылар аллеясында Қазақстанда алғаш рет мұнай-газ жұмысшыларына арналған ескерткіш ашылды.

2014 жылы Астанада өңірдегі ең үлкен Қазақ ұлттық хореография академиясының құрылысы басталды. Ол ЭКСПО-2017 қалашығына қарама-қарсы орналасқан. Академия төрт корпустан: оқу, балет, театр және тұрғын ғимараттарынан құралған. Оларды жылы жаяужол галереялары біріктіріп тұрады. Оқу корпусының ғимаратында жалпы білім беретін мектеп, колледж және институт орналасқан.
01 қыркүйек 2019 ж. 219 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области