Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 31 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

31 тамыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Қырғыз Республикасының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні
Қырғызстан - Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Әкімшілік жағынан 6 облысқа бөлінеді. Астанасы - Бішкек қаласы. Ресми тілі - қырғыз және орыс тілдері. Ақша бірлігі - сом. 1991 жылғы тамыздың 31-інде Қырғызстан мемлекетінің тәуелсіздігі туралы Декларация жарияланды. Қырғызстан Республикасы мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы 15 қазанда орнатылды.

1970 жылы Теміртауға Шідерті су қоймасынан су келді.

1982 жылы Қызылорда қаласында облыстық наркологиялық диспансері ашылды.

1992 жылы ҚР Мемлекеттік қоймасы бағалы металдардың алғашқы партиясын қабылдады. Олардың қатарында «төрт тоғыздық» сапасындағы алтынның 5 кесегі және 2 күміс кесек болды.

2011 жылы «Қорғас» Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның сенімді басқаруына өтті.
31 тамыз 2019 ж. 155 0
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области