Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 2 қыркүйекке арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Күніңіз сәтті өтеді. Барлық мәселе дер кезінде шешіліп, жұмысыңыз алға басады. Сонымен қатар әріптестер арасында абырой, беделіңіз артып, еңбегіңіз еленетін болады.

Торпақ
Бүгін жұмыстан өзге мәселеге мойын бұрмаңыз. Саяхаттау немесе қыдыруды кейінге қалдырғаныңыз жөн. Сондай-ақ бүгін денсаулығыңызға мән беріңіз. Ауырсынуды сезінсеңіз дереу дәрігерге қаралыңыз.

Егіздер
Күтпеген жаңалықтар болады. Өзгерістерге дайын болыңыз. Қаржылық жағдайыңыз жақсарады. Сондықтан алдағы күндерге жоспар құрып, қажетті бұйымдарды алуға тырысыңыз.

Шаян
Бұл белгідегі ер адамдар бүгін кикілжің тудырмағаны дұрыс. Сондай-ақ тіс дәрігеріне бармағаныңыз жөн. Бүгін зат сатып алмаңыз. Ал нәзікжандар бірбеткейлік танытпаңыздар. Нәзік қалпыңызды сақтаңыз.

Арыстан
Денсаулығыңызға абай болыңыз. Басыңыздың «сақинасы» ұстап қалуы мүмкін. Оған себеп отбасындағы кейбір мәселелер болады. Сабырлы болыңыз. Бүгін жолға шықпаңыз, достармен қарым-қатынасты доғара тұрыңыз.

Бикеш
Кез келген істі бастауға немесе жоспарыңызды жүзеге асуына қолайлы күн. Шулы ортадан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Себебі сізге қатысы жоқ келіспеушіліктердің өзі кесірін тигізуі мүмкін.

Таразы
Қарама-қайшылыққа толы күн. Сыртыңыз күліп тұрғанымен, жан-дүниеңіз алай-дүлей. Осының салдарынан қателіктерге бой алдырмас үшін бүгінгі күнді жалғыз өткізгеніңіз жөн. Барлығын ой елегінен өткізіңіз.

Сарышаян
Бүгінгі күн жолға шығуға, бейтаныс адамдармен байланыс орнатуға сәтті күн. Жұлдыздар жылдамдықты асырудан, өткір және электр тоғымен жұмыс жасайтын бұйымдарды қолданғанда сақ болуды ескертеді.

Мерген
Жемісті күн. Күш-қуатыңыздың тасығаны соншалық жұмысқа деген құлшынысыңыз артады. Бүгін жаңа жұмыс бастауға, келіссөздер жүргізуге қолайлы күн. Сіздер бүгін барлық жағынан оң шешім шығара аласыздар.

Тауешкі
Отбасында да, жұмыста да жағымды жаңалықтар көп. Кез келген шаруаны дөңгелетіп алып кетесіз. Бұрынғы мәселелерді немесе қателіктерді түзей аласыз. Сонымен қатар бүгін жаңа таныстықтар орын алады.

Суқұйғыш
Бүгін қонақ шақырып әуре болмаңыз. Не болмаса достармен кездесудің қажеті жоқ. Күш-қуатыңызды денсаулығыңызды жақсартуға жұмсаңыз. Әйтпесе, кейін өкініп қалуыңыз мүмкін.

Балықтар
Бүгін көңіл-күйіңіз керемет. Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Бірақ барлығына бірдей жұмсақ мінез танытпаңыз. Әйтпесе абыройыңызға кір келуі мүмкін. Өміріңізді өзгерту өз қолыңызда.
02 қыркүйек 2019 ж. 41 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области