Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Күзде қайда демалуға болады?

Күзде қайда демалуға болады?

Күз маусымында да естен кетпес демалысты өткізуге болады. Жақсы уақыт өткізуге арналған мекендер жазғы демалыс орындарынан көп болмаса, аз емес. Әсіресе, дәл қазір барлық жерде ыстықтың беті қайтып, бағалар түсіп тұр. Сондықтан, бүгін сіздерге күзгі демалысты өткізуге болатын ғажайып мекендер туралы баяндап бермекпіз.
Негізінен, күз маусымының басында демалғыңыз келсе, Еуропа елдеріне барған жөн. Ол жердің ауа райы барлық қиындықтарыңызды ұмытып, серуендегенге өте ыңғайлы, ауасы жылы, ал табиғаты тіптен тамаша. Сондай-ақ, күзде Еуропа халықтарында көптеген мерекелер мен фестивальдар өтеді.
Испания, Хорватия, Болгария, Көк теңіз жағалауы, Франция, Крит елдері де күзгі демалыс үшін таптырмас мекендер болып табылады. Дәл қазір мұнда ауа-райы өте жылы, бірақ күздің соңғы айларында жаңбыр жиі жауа бастайды. Ал, күздің басында күн қайнап, жағажайлық маусым қалыптасады. Айтпақшы, күзде Испанияда өтетін атақты коррида жарыстарында небір мықтылардың куәгері болып қалуыңызға мүмкіндігіңіз бар.
«Күзде қайда барып демаламын?» деген сауалыңызға жауаптың бірі – Марокко және Тунис елдері бола алады. Жалқаулықтың патшалығы, жұмыссыздық, ертеден қара кешке дейін жалғасатын жағалаудағы өмір, аяқты аспанға көтеріп жату, шат-шадыман думан және асқазаныңыз үшін қайталанбас мереке... Аталған елдердегі демалыс сіздерге осындай рахат өмірді тарту ете алады. Тап бір жаз айларында жүргендей сезімде боласыз.
Бұған қоса, Кипрдің шипалы суында, бар әсемдікті бойына жинаған көлдерінде қалағаныңызша шомылып, армансыз қыздырынумен қатар, қайықпен және катамаранмен серуендеп, бильярд ойнап, кешқұрым киноға, мейрамханаға, би кештеріне баруға болады. Бұл тізімге кереметтей саябақтары бар Черногория елін қосып қойсаңыз өкінбейсіз.
Ыстық сүйгіш жандар қайда барамын деп қам жеудің еш қажеті жоқ. Біріккен Араб Әмірлігі сіздердің тілектеріңізді толықтай қанағаттандыра алады. Мұнда әрқашан ыстық және күн шуақты күндер жиі ұшырасады.
Грекия елінде аса ыстық болмаса да, қоңыр салқын ауа-райы патшалық құрып тұр. Мұнда бара қалсаңыз, әлем тарихының бастауы саналатын дүниелерге қол тигізіп, мыңға жуық жасы бар көне қалалардың куәгері атана аласыз.
Демалысыңыз қараша айына тап келсе, Үндістан мен Гоа жағажайы сізді құшақ жая күтіп тұр. Мұндағы жаймашуақ ауа райы тек қана жағажайда шомылуға емес, спортпен айналысуға, көрікті жерлер мен құнды ескерткіштерді тамашалауға арналған.
Тізіміңізге Мадейра, Тенерифе және Маврикия жағажайлары мен Мадагаскар, Мальдив шипажайларын қосып қойыңыз. Бұл шипажайларда емдік қасиеті бар теңіз ауасы тыныс алу жолдары мен жүйке ауруларына таптырмас дауа болады.

01 қыркүйек 2019 ж. 31 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области