Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда: Биыл қала күні қалай аталып өтіледі?

Қызылорда: Биыл қала күні қалай аталып өтіледі?

Kyzylorda-news.kz. Бұл сауал Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде кеңінен талқыланды.

Жиын барысында биылғы қала күні мерекесі жастар жылымен ұштастырылатындығы айтылды.
Қыркүйек айының соңымен, қазан айының алғашы он күндігіне жоспарланған шаралардың алдыңғы қатарында халықаралық «Байкерлер шеруі», мерекелік карнавалдар, көше фестивальдері мен жас өнертапқыштар байқауы бар.
Сонымен қатар мерекені тазалық, жастар, спорт, білім, ауыл шаруашылық, мәдениет және руханият күндеріне арнап атап өту жоспарланып отыр. Оған қоса тағы бірнеше атаулы күн белгіленген.
Қала әкімінің орынбасары Мира Қазбекованың айтуынша, қала күнін мерекелеу туралы ұсыныстар әлеуметтік желі арқылы әлі де жинақталып жатыр.
«Қала тұрғындары және барлық мекмелерді тазалық шараларына тарту үшін түрлі форматтағы акциялар, әлеуметтік желі де фото-видео сайыстар ұйымдастырылады. Жастар күні аясында «Қызылорда – армандар орындалатын қала» ұранымен бастау алып, қала орталықтарында түрлі ойын-сауық бағдарламалар, мерекелік карнавал, халықаралық байкерлер шеруі, «Ең үздік вайн», фото-көрмелер және орталық алаңда «Қызылорда балалық дискотекасы мен ди-джейлер батлы шараларымен жалғасын табатын болады», - деді Мира Қазбекова.
Жастар күні аясында белгілі әзілкеш-шоумен Тұрсынбек Қабатовтың қатысуымен ашық аспан астында «Көңілді тапқырлар алаңы» фестиавлі өтеді. Бұл жастар күніне орай өткізілетін ең ауқымды шара болмақ.
Сондай-ақ «Мәдениет және руханият» күні қарсаңында жергілікті ақындардың жыр марафоны, әдеби жыр кеші ұйымдастырылады. «Тілім – тірегім, Қызылорда – жүрегім» атты ақындар мүшайрасы, спорттық би клубының концерті мен «Handmade» жәрмеңкесі, Жастар театрының «Қызылорданың қыздары-ай» атты қойылым премьерасы да қала қонақтарына ұсынылатын сый болмақ. Сонымен қатар «Салауатты Қызылорда» атауымен түрлі спорттық шаралар өткізіледі.
Сонымен қала күні мерекесі еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін, гала-концертімен қорытындыланатын болады.
Барлық шара барысында қала әкімі тазалыққа жіті көңіл бөлініп, әрбір шараның мазмұнына мән беруді тапсырды.
«Қала күні мерекесі аясында жергілікті тарихшылардан сұхбат алып, қаланың тарихы кеңінен насихатталуы қажет. Кейбір жастарымыз қала тарихын жіті біле бермейді. Сондықтан тарихшылармен, ғалымдармен сұхбат ұйымдастырыңыздар. Сонымен қатар жыл басынан бері айтып келе жатқанымыздай, түрлі акцияларды жалғастыру қажет. Мәселен, тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету, қаланың тазалығына, абаттануына және көгалдануына көңіл бөлу қажет. Осы шараларға барлық жерлестерімізді атсалыстыру қажет», - дейді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Динара МАХАНОВА
28 тамыз 2019 ж. 1 214 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области