Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ақшаны үнемдей отырып қалай әдемі киінуге болады?

Ақшаны үнемдей отырып қалай әдемі киінуге болады?

Дүкенге барып гардеробыңызды жаңаламас бұрын, шкабыңыздағы киімдеріңізді жайып тастаңыз. Оларды бір-бірімен үйлестіріп, айнаның алдында киіп көріңіз. Қандай киім, аксессуар, әшекей алу керек екенін әбден ойластырыңыз. Жаңадан сатып алғыңыз келген затыңыз бұрынғы 3–4 киіміңізбен үйлестіріп киетіндей болсын.
Маусымдық трендке айналған нәрсені соңғы үлгідегі сән екен деп ала салмаңыз. Егер өте қымбат киімге көңіліңіз ауса, оны тағы 2–3 жыл киюге бола ма, болмай ма, соны таразылаңыз.
Мәселен, бағалы аң терісінен жасалған қымбат ішік сәнде, алайда оны сіздің қалтаңыз көтермейді. Қамықпаңыз, есесіне жағасы аң терісінен тігілген пальто, костюм не теріден жасалған жеңсіз, сөмке, т.б. заттармен алмастыруға болады.
Дегенмен жасанды материалдан жасалған өте арзан затқа да ұмтылмаңыз: «арзанның жілігі татымас» деген мәтелді есте ұстаңыз.
Кимейтін киімдеріңізді сіңлілеріңізге беріңіз. Гардеробыңызда классикалық үлгідегі базалық киімдер болғаны дұрыс, оларды трендтегі затпен бірге жарастырып, кие аласыз.
Зат таңдағанда құрбыңыздан не басқа бір танысыңыздан көргенді емес, өзіңіздің дене сымбатыңызды әсем етіп көрсететінін киім қажет ескеріңіз. Мысалы, құрбыңызға қызыл кең көйлек жарасуы мүмкін, ал сізге көк трапеция пішімді көйлек үйлеседі.
Егер осы айда киім алуға шамаңыз болмаса, онда көлемді алқа, білезік, сақина, т.б. әшекей бұйымдарын, былғарыдан жасалған белдік, орамал не шарф сатып алып, бұрынғы гардеробыңызды жаңғырта аласыз.
Ең бастысы, не кисеңіз де денеңізді тік ұстап, өзіңізді сенімді ұстаңыз.

31 тамыз 2019 ж. 29 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области