Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Nur Otan» партиясының активі өтті

Қызылордада «Nur Otan» партиясының активі өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні" бағдарламасы бойынша партия активінің отырысы өтті.

Қызылорда облысының әкімі, "Nur Otan" партиясы облыстық филиалының төрағасы Қуанышбек Ысқақов алдағы уақытта бағдарламаны жүзеге асыру өңір үшін басым міндет болып табылатынын атап өтті.
«Қазақстанның Тұңғыш Президенті ұсынған «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаңғырту бағдарламасы партияның белсенді мүшелерін топтастыру, яғни партияның ядролық электоратын қалыптастыру мен бастауыш ұйымдардың ролін көтеру; жемқорлықпен күресті күшейту мен партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдау; барлық деңгейде партия органдарының әлеуетін мейлінше жүзеге асыру мен биліктің барлық деңгейіндегі партия алдындағы жауапкершілігін арттыру; халықпен, оның барлық әлеуметтік топтарымен нақты жұмыс істеу қағидатын енгізу; партияның ақпараттық-идеологиялық жұмысын қарқынды ұйымдастыру және партия төңірегіне жастарды біріктіру үшін шаралар қабылдауды қамтиды», - деді аймақ басшысы.
"Nur Otan" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова партияның қызметін жандандыруға байланысты атқарылатын жұмыстар туралы баяндады. Мәселен, халықпен кері байланыс орнату, әлеуметтік желілер мен танымал мессенджерлер арқылы тұрғындардың өтініштерін қабылдау және оны шешу бойынша жұмыстар күшейтілді.
"Елбасы тапсырғандай, біз негізінен партия мүшелерінің санына емес, сапасына басты назар аударып отырмыз. Шағын ұйымдар ірі бастауыш ұйымдарға біріктірілді. Нәтижесінде өңірдегі 272 бастауыш ұйымның жиырмасы қысқартылып, 252 бастауыш ұйым қалды. Облыстағы 51350 партия мүшесінің құрамына да талдау жасалынып, жыл басынан бері партиялық жарнапұл төлемегендер мен партиямен байланысы үзілген 4083 адам партия құрамынан шығарылды", - деді А.Әлназарова.
Қорыта келе, облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам - "Nur Otan" партиясының 7 серпіні» бағдарламасына қатысты, соның ішінде "Жас Отан" партиясының жастар қанатының жұмысын қолдау бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

28 тамыз 2019 ж. 180 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области