Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ


    Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.
    Салтанатты іс-шарада Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қалмұханбет Қасымовтың мерекелік құттықтау хаты оқылды. Департамент бастығының орынбасары,  әділет майоры Т.Тұрсынбаев құттықтау лебізін жеткізіп, әр азамат тәуелсіздік құндылықтарын қастерлеп,  қоғамдағы рухани жаңғыру бастамаларына үлес қосу қажеттігін жеткізді.
    Осы айтулы күні қызметтегі жақсы жетістіктері  үшін ҚАЖ департаменті және мекеме қызметкерлері   Қазақстан Ішкі істер министрінің және ҚАЖ департаменті бастығының бұйрығымен Алғыс хаттармен марапатталды. ҚАЖ департаменті ЗК-169/4 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі А.Раисов «Құқықтық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалін  иеленді.
     Шара соңында  қызметкерлерге Тәуелсіздік туралы деректі фильм көрсетілді.
    Дана ДОСТАНОВА

20 желтоқсан 2017 ж. 932 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2022    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области