Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сарысудың адам денсаулығына сіз білмейтін пайдасы бар екенін білесіз бе?

Сарысудың адам денсаулығына сіз білмейтін пайдасы бар екенін білесіз бе?

Kyzylorda-news.kz. Нұр-Мүбарак университетінің доценті, этнограф Досымбек Қатранұлы сарысудың денсаулыққа қандай пайдасы бар екенін, қазақ тұрмысында оның тағы басқа қандай мақсатта пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Досымбек Қатранұлының айтуынша, сарысу – сүттен ірімшікті ажыратып, бөліп алғаннан кейін қалатын қалдық өнім. Оның құрамында холин, биотин, В тобының, А, Е, С дәрумендері және кальций, магний кездеседі.
Сонымен қатар сарысу лактозадан тұрады. Ол артық майдың жиналуына жол бермейді әрі асқазан-ішек жолдарының жұмысын реттеуге септігін тигізеді.
«Қант глюкоза және лактоза деп бөлінеді. Адам денсаулығына ең пайдалысы сүттен алынған – лактоза. Ол ананың сүтінде және ешкінің сүтінде көп болады. Сонымен қатар сарысуда да бар. Оның құрамында адам организміне шипасын тигізетін витаминдер өте көп. Сарысу адам организмін тазалайды. Сондай-ақ ішті өткізетін қасиеті де бар», - дейді ғалым.
Этнограф сарысудың басқа да мақсаттарға пайдаланылатынын атап өтті.
«Шаш түсіп тоқтамаған кезде сарысу жағатын болған. Нәтижесінде шаштың түсуі тоқтап, оған өң кірген. Сондай-ақ сарысуды малдың терісін жұмсартуға, тері илеуге қолданған. Мұны экспедицияға шығып, халықтан жинаған мәліметтердің және тарихи деректердің негізінде айтып отырмын», - дейді Досымбек Қатранұлы.
Сондай-ақ ғалым ірімшіктің сарысуынан сірненің қалай алынатынын түсіндірді. Оның пікірінше, бұл сүт өнімінің адам организміне пайдасы зор.
«Ірімшікті жасаған кезде сарысу алынады ғой. Сарысуды сүзіп алады. Оны қазанға құйып көп қайнатады, әрі ондағы су буланады. Осы сәтте сарысу қоймалжыңдана бастайды. Кейін оны қазаннан түсіріп, қолмен алақанға алып сығады әрі кептіреді. Мұны «сірне» немесе «сүт сірне» деп атайды. Ол «ирис» кәмпитіне ұқсайды. Сондай-ақ бұл сүт өнімің адам ағзасына пайдасы зор. Оның құрамында лактоза көп болады», - деп түйіндеді сөзін этнограф.
26 тамыз 2019 ж. 33 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области